Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз Инсулинді енгізудің жаңа әдісін тапқан жас ғалым 7, 5 млн теңгелік грантты жеңіп алды Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хабарлар» халықаралық инновациялық форумы аясында жылдың үздік ең жас ғалымдары белгілі болды. Жалпыұлттық инновациялар байқауындағы «Үздік жас ғалым» аталымына 100-ден астам өтінім келіп түскен. Оның қорытындысы бойынша сарапшылық комиссия 10 финалисті іріктеді. Бүгін конференция аясында 10 жас ғалым өздерінің жобалары бойынша таныстырылым өткізді. Айта кетерлігі, осы аталымға қатысуда ең жоғары белсенділікті Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары танытты. «Жылдың үздік жас ғалым» атағы мен 7 500 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова жеңіп алды. Ол байқауға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеуін ұсынды. Жас ғалым диабеттің екінші типімен ауыратын адамдарға инсулин енгізудің жаңа әдістерін зерттеумен айналысуда. Екінші орын мен 1 500 000 теңге сомасындағы сыйлықты да Назарбаев Университетінің өкілі Айдар Кемелбай еншіледі. Ал үшінші орын мен 1 000 000 теңгелік сыйлыққа биотехнология саласындағы өзінің ғылыми жетістіктерімен танылған Дәмел Мектепбаева лайық деп танылды. Естеріңізге сала кетейік, бұл аталымда жеңіске жеткен және сыйлық алғандар Ұлыбританияға EducationTour сапарына бару мүмкіндігіне ие болды. Ал бірінші орынды иеленген Дана Ақылбаева Қазақстан атынан Лондонда өтетін жас ғалымдардың халықаралық байқауына қатысады. Жас ғалымдар арасындағы байқау ҚР ИДМ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы Британдық кеңес тарапынан ұйымдастырылды. http://www.inform.kz/kz/insulindi-engizudin-zhana-adisin-tapkan-zhas-galym-7-5-mln-tengelik-grantty- zhenip-aldy_a2838481 1-тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз
Шығарма
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.