Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ТЫҢДАЛЫМ. Оқылым3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.Байқоңырғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданыныңаумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазандаerБайқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.Байқоңыр әлемдегі ең ірі жербеті ғылыми ғарыш полигоны саналады1961 ЖЫЛЫ 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий ГагаринЮрий Алексеевич Байқоңырдан «Восток» кемесімен ғарышқа аттанып, ғарышты бағындырды. Байқоңырдан Ай, Марспен Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар PT да ұшырылады. 1991 жылы2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13, ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Қазақ ғарышкері —Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды. «Байқоңыр»ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді. «Байқоңыр»кешенінен Қазақстан Республикасының аумағына жылына 30-35 мыңтонна улы зат таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының табиғатына көп зар чкелтірді.
Емен (лат. Quercus) – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қо дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.