?>
Мәтіннің ішінен 2 төл сөзді тауып төлеу сөзге айналдырамыз Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
Ответы
Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.
Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.
«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.