Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Оқылым.ОқылымМәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.Ахмет ақсақал балаларды бастарынан сипап өтті де, шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады. Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Сейітбек қожаны алып келіп, баласын сүндетке отырғызды. Кешке бүкіл ауылды баласының тойына шақырды. Жылы төсекте жатып ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.Көп ұзамай Ахаң ауыл тұрғындарымен бас қосқан жерде үнемі баласы туралы әңгімелейтін болды.- Өзі ұғымтал, - дейді мақтанып. - Аса зерек. Бірақ биыл мектепке бермеймін. Тілі жаттықсын...- Тіпті бөтендігі жоқ, - дейді қуанып. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды.Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын киіп алып, көк шыбықты ат қып мініп алып, күні бойы үй маңында асыр салады. Ептеп қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен арадағы алалық азайды. Кейбір балалар өзі іздеп келіп ойнайтын болды. Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқты адал бөлісіп жейді. 1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. [1]2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]барлық 3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.1. Ахмет ауыл тұрғындарына кім туралы айтты?[1]2. Зигфрид қандай бала?[1]4. Ахмет ақсақал неге қуанды?A) ауылға той жасағанынаB) мектепке бермейтінінеC) өзіне, ауылға үйренгенінеD) қазақша сөйлегеніне [1]2-тапсырма. Жазылым. [5]Берілген суреттердің ішінен біреуіне таңдау жасаңыз. Тірек сөздерге сүйеніп, суретті сипаттаңыз (әр оқушыға 1 суреттен ұсынылады) (6-10 сөйлемТірек сөздер: биік таулар, қарлы шыңдар, табиғат-мүсінші, кең дала, орман, өзен-көл, жасыл желек, жасыл кіл
Түйеқұс (орыс. Страус) - Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың қауырсыны тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.
Ерекшеліктері
Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен башпайларының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алға да 400 кг-ға дейін жететін күшпен тебе алады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене жәндікті да іліп алып жей береді. Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзінің салмағы 60 граммға жетеді. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе ауыр. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралған тағы бір көз қабығына ие.
Африка түйеқұсы
Осы замандағы құстардың ең ірісі (Стрұтһіо цамелұс) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркегінің бойының биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінің салмағы 90 кг-ға жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының башпайы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.
Объяснение:
Түйеқұс казахское название страуса
(если не сложно, можете потом отметить мой ответ как "лучший ответ"?)