Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Абайды оқы, таңырқа! Табиғат лирикасы. Қазақтың ұлттық қолөнері.» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау6-сыныпОқушының аты-жөні:Күні:1-тапсырма. Оқылым.Берілген өлеңдерді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.1-өлеңАқ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды.Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды.2-өлеңЖаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешекҰзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенгеКөшіп ауыл қонғанда.Шұрқырап жатқан жылқыныңШалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелерБүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тайАйнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қазҰшып тұрса сымпылдап.1-өлең2- өлеңӨлеңдердің авторы кім?2. өлең:1- өлең:Айырмашылығы:2. өлең:1- өлең:Ұқсастықтары:1.2.[5]2-тапсырма. Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 60-70 сөзден тұратынэссе жазыңыз.1. Жыл мезгілдерінің сұлулығы.2. Зергерлік бұйымдар.3. Ұлттық қолөнер.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Әлия
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген