Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ақиқат» немесе «жалған» ақпараттарды анықтаңыз. р/с ақпарат Ақиқат/жалған1 Шіркеулердің баю көздерінің бірі – индульгенция сату болды 2 «Кешірім ақшаға емес, Құдайдан беріледі»–деп айтқан М.Лютер 3 Шіркеуді реформалау мен қайта ұйымдастыру –реформация деп аталады. 5 Рим папасы Реформациямен күресу үшін иезуиттерорденің құрды 6 Мартин Лютердің екінші аты – «Женевалық папа» болды 7 Иезуит орден мүшелерінің ойынша шіркеу үшін кез- келген қылмыс жасауға болады 8 Германиядағы 1524-1525 жж. шаруалар көтерілісінің қолбасшысы Жан Кальвин болған 9 Ұлыбританияда орын алған Реформацияның ерекшеліктері–оны патшаның өзі өткізген 10 Католиктік шіркеуінің көзқарастарына қарсы болған ғалымдардың еңбектері мен кітаптары «Тыйым салынған индекс» деп аталған
Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны қастерлеу баршамыздың парызымыз. Осы орайда Әлемтану айдары еліміздегі ең ерекше деп танылған ағаштар туралы баяндайды.
Ең көне хан-ағаш
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында, Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғана бар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулар түрлі ауруларға ем деседі.
Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.