Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма. Екі мәтінді салыстырып, тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сарапта. 1-мәтін. Қаһарман Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы, Адамзатты алға бастар Ар заңы! Мір оғындай Момышұлы Бауыржан – Туа біткен туралықтың тарланы. Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым, Бойға жиған ақылы мен сабырын, Өмір бойы шындық үшін күресіп, Жалғандықтың тіліп түскен тамырын! Жауынгерді айналдырып құрышқа, Тайсалмастан кірген талай ұрысқа. Ұрпағына үлгі болған ғұмырын Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа! Жүру үшін тура жолдан бұрылмай, Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай. Біздер үшін рухы биік Бауыржан Батырлық пен Ақиқаттың туындай! Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған, Туған елді өз үйім деп таныған, Жалындаған жастар керек еліме Батыр баба қасиеті дарыған! («Егемен Қазақстан» Айбатыр СЕЙТАҚ) 2-мәтін. Редакцияға тапсырма сұрай келген А.Бек нақ осы тұсқа тап келеді. Редакцияның сол кездегі қызметкері «Бранденбург қақпасы» кітапшасының авторы жазушы Александр Кривицкий А.Бекке осы жиырма сегіз батыр жайлы түсіндіре келіп, шығарма жазуды тапсырады. Полкте бір қатал полк командирі – аға лейтенант Б.Момышұлы деген командирдің бар екенін ескерте айта келіп, сол жайлы шығарма жазуды қатты өтініп сұрайды. Аға лейтенант өте қатал, ешкіммен ашық сөйлесе бермейді, тіпті маңына да жолатпайды дегенді баса ескертеді. «Сен Момышұлымен тіл табыса алсаң, онда сенің жолыңның болғаны, – дейді Бекті жолға шығарып салып тұрып. Шындығында да Александр Кривицкий өзі де соғыстың алғы шебін аралап жүріп, Момышұлымен танысып, шығарма жазуды ойлағандардың бірі еді. Әйтсе де, оның бұл ойы іске аспады. Ол Б.Момышұлының қатаң қаһарына шыдамай, дегеніне көне алмай жолдары екі айырылған болатын. Осы жағдайды көп ойланған А.Кривицкий панфиловшылар жайлы шығарма жазуды бір сәтте есінен шығарған емес. Ақыры А.Бекке өзінің ойын іске асыруды тапсырады. А.Бек бұл жұмысты ойдағыдай атқарып, Б.Момышұлының атын да, өзінің атын да дүние жүзіне әйгілі етті. Б. Момышұлы А.Бекті алғашында қабылдамады. Турасын айтс
Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны өткенімен және болашағымен байланыстырады. Ата-баларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап бізге аманат етіп қалдырған асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Жыраулар жырлаған, ақындар өлең арнаған, суретшілер сурет арқылы туған жердің әсемдігін, олар үшін аса қымбат екендігін көрсетуге тырысқан. Туған жеріміздің топырағы, асқар таулары мен өзен-көлдері, даласы өте қажет екенін, сол үшін туған жерімізді құрметтеу, қорғау біз үшін міндет екенін естен шығармауымыз қажет. Бір сәт көзімізді жұмып туған жерімізді ойға алатын болсақ, ең алдымен ата-ана, бауырларымыз және достарымыз еске түседі. Себебі туған жер ол адамның шағын Отаны. Самал желімен, балалық шақтағы естеліктерімен, ата-апаларының қызықты әңгімелерімен байланыстырады. Халықта «Туған жердің жусаны жұпар», – деп бекерден айтылмаған. Әрбір тас, әрбір гүлі, бәрі-бәрі адам үшін ыстық болып тұрады. Сонымен қатар бабаларымыз қалдырған туған жерге байланысты керемет мақалдар көп.