Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлікжасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да елбасымыздың және елдің беткеұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бірдәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролықполигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайдаболғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзіндебірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкенбаға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін, табиғатанамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз өте жақсы біледі.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пенкелісімде» жатқанын тілге тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз. Эпитет, Метонимия, Метафора табу?..