?>
Қазақстан Республикасындағы барлық ұлт бір-бірімен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Оның төрағасы - Қазақстан Республикасының Президенті. Әзербайжан, грек, шешен, поляк және т. б. халықтардың мәдени орталықтарының жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдерінің біздің елімізге келу тарихы "Жерұйық" фильмінен жақсы көрсетілген. Фильмнің режиссері - Сламбек Тәуекел. Фильмнің сценарийін Сламбек Тәуекел мен Сон Лаврентий жазған. «Жерұйық» фильмі тарихи оқиғаға негізделген. Фильмде Сон Лаврентийдің өзінің балалық шағы бейнеленген. Фильмде өз Отанынан қуғындалып, Қазақстанға жер аударылып келген кәріс, неміс, шешен, күрд және б. ұлттардың ауыр жағдайы бейнеленеді. Арып-ашып келген адамдарды қазақ халқы бауырына тартады, ажалдан аман алып қалады. "Жерұйық" көркем фильмі Абай Құнанбаевтың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деген сөзімен басталады. Фильмнің басты кейіпкері - Орынбай өмірде болған адам. Барша халқының бауырмалдығы, жомарттығы осы бейне арқылы көрінеді. Қазіргі таңда фильмде көрсетілген ұлт өкілдері бір ананың баласындай бірлікте, татулықта өмір сүріп жатыр. 1 наурыз - өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні, Бұл күнді ҚР Президенті арнайы белгіледі. Мәтінге тақырып жазыңыз Мәтінде не туралы айтылған? Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап беріңіз. ответь на вопросы. Қазақстан халқы ассамблеясы қашан құрылды? Оның төрағасы кім? Ассамблея қандай жұмыстар атқарады
Ответы
Күз– жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады (қ. Жыл мезгілдері). Астрон. тұрғыдан К. – 90 күн (24 қыркүйек – 22 желтоқсан) созылады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша К. айлары болып есептеледі. К-де күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің К-дегі сипаты біркелкі емес, солт. облыстарда егін піскенде, оңт. облыстар егіндерін жинап болады. Бізде Жер шарының солт. жартысында К. болғанда, Оңт. жарты шарда (Оңт. Америка, Австралия, Антарктида) көктем болады