Бирюков Карпова1379
?>

2.Тапсырма: Тұжырымдарды«ия» немесе «жоқ»кестесі арқылы анықта. 1. Оңтүстік ғұндар батысқа жылжып, Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жерімен шекаралас аумаққа жылжыды 2. Бұл батыс бағытында ғұндардың алғашқы көшу толқыны болды 3. Қаңлы басшысы Чжи Чжиді қолбасшы етіп, Талас өңірінен жер берді 4. Еділден өткен ғұндар 370 жылы аландарды, 375 жылы отсготтар мен вестготтарды бағындырды. 5. Нәтижесінде ғұндар Еділ-Жайықтан бастап, Днестр өзеніне дейінгі далалық аумақты иеленді. 6. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Батыс Рим империясын талқандады.

Казахский язык

Ответы

miheev-oleg578

Қыс келді. Түн ұзара бастады,Қар қалың жауды, Аяз қатты болады, Өзен суы мұз болып қатты, Балалар далада қармен ойнады,Қардан ойыншықтар жасады,Бір топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр,Бәрі жылы киім киген,Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

2.Тапсырма: Тұжырымдарды«ия» немесе «жоқ»кестесі арқылы анықта. 1. Оңтүстік ғұндар батысқа жылжып, Оңтүстік Қазақстандағы қаңлылар жерімен шекаралас аумаққа жылжыды 2. Бұл батыс бағытында ғұндардың алғашқы көшу толқыны болды 3. Қаңлы басшысы Чжи Чжиді қолбасшы етіп, Талас өңірінен жер берді 4. Еділден өткен ғұндар 370 жылы аландарды, 375 жылы отсготтар мен вестготтарды бағындырды. 5. Нәтижесінде ғұндар Еділ-Жайықтан бастап, Днестр өзеніне дейінгі далалық аумақты иеленді. 6. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Батыс Рим империясын талқандады.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

карпова581
delfinmos
Киларджиева Диана440
andr77716
yulyaderesh
Nikolaevich-Svetlana388
Городничий_Коновалова384
varvara-kulkova
Georgievich-Zamudinovna2003
Сайжанов
ElenaSkvortsova2
oskar-pn
myliar21585356
intermar2000
boldyrevanastia22