Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Надежда апай, сіздің келін болып түскен шаңырағыңыз - қазақ отбасы. Сізді өзіне жақынеткен - қазақтың қай қасиеті еді?Қазақтың дарқан даладай кең жүрегін, кең пейілін ұнаттым. Туыстығын, бауырмалдығынжақын тарттым. Аңқылдаған көңілі мен кір шалдырмас ар-ұятына тәнті болдым. Інжу - маржантілі мен жырына ғашық болдым Айта берсем, көмейімнен ағыла береді, бұл қазақты солайұнаттым....Айтыстың дүлдүлі – Жамбыл бабамыздың босағасына келін болып түсім. Сәмен Батырдыңұрпағы - Тұрлыбек ағаларыңмен шаңырақ көтердім. Үш қызымыз – Құралай, Қарлығаш, Ләйлә, ұлымыз – Жәнібек дүниеге келді. Аллаға мың тәубе! Мен қазаққа қарыздармын...1.Мазмұны негізінде мәтінге тақырып қойыңыз.[1]1I2.Мәтіннің идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазыңыз.[1]3. Надежда апай қазақтың қандай қасиетін ұнатты?[1]
тәуелсіздіктен кейін өмірге келдім. әйтсе де менің келешегіме үлкен жол ашқан тәуелсіздіктің жөні бөлек. біздің ата- «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген екен. осы тәуелсіздікке дейін қазақ жерінде еркіндікті аңсаған 300-ге таяу ұлт-азаттық көтерілістері болыпты.
мен тарихи кітаптарды көп оқимын. сол кезде байқағаным, тәуелсіздікке жету оңай болмаған екен. жүздеген алаш ұлдары бастарын бәйгеге тігіпті. ондағы мақсаты, қазақ халқының қолын тәуелсіздікке жеткізіп, ұрпағын бодандықтан құтқару болыпты.
біз жақында отанымыздың барлық өңірінен 150-ден астам оқушы астанада басқосып, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «қазақстанның жарқын болашағы – жастардың көзімен» деген тақырыпта шығарма жаздық. сонда тәуелсіздік туралы өз ойларымызды айттық. осы шараға ұйытқы болған «дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы еді.
арман қуып, елдің ертеңіміз деп жүрген замандастарым жазған шығармалармен танысып, ой-пікірлерін тыңдағанда отанға деген патриоттықты айқын сезіндім. тәуелсіздіктің алдындағы тыныс-тіршілігімізді, одан кейінгі 20 жыл ішіндегі өркендеуімізді ортаға салдық. бұрын біздің алдымыздағы ұрпақ әрі кетсе мәскеу қаласына барған екен. ал қазір білімді жастар төрткүл дүниені шарлап жүр. бізбен кездесу кезінде «болашақ» бағдарламасының түлектері ел қамқорлығының арқасында әлемнің атақты білім ордаларында оқығанын айтты. білімді жасқа қашанда жол ашық екенін жеткізді. біз білім сайысында астананы да аралап көрдік. арқадан кербез алматыға, алтайдан каспийге дейінгі аралықта өмір сүріп жатқан қазақ елінің ұл-қыздары елорданың ғажайыптарымен танысып, «бәйтеректің» басына көтеріліп, әсем қалаға қызыға қарадық. мектеп бітіргеннен кейін осы қалада оқысақ деген арман әр оқушының көкейінде сайрап тұрды. мұның бәрін біз тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз.