?>
Сабақтың тақырыбы: Р. Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі Оқу мақсаты: 6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру.Қосымша мәлімет. Авар - (авар. аварал, магIарулал) - негізінен Дағыстанда тұратын халық. Біразы Азербайжанның солтүстігін және шығыс Грузияны мекендейді. Чечня мен Қалмыкияда кездеседі. 2002 ж. мәліметімен Ресейде 999, 8 мың адам, Азербайжанда (1999 ж) - 49, 8 мың, Түркияда 2005 ж. мәліметімен 53 мыңнан астам аварлар бар. Тілі - авар тілі, кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады. Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, егіншілік, бау-бақша өсіру. Көптеген аварлар өнеркәсіп орындарында жұмыс істейді. Интеллигенцияың ұлттық кадрлары өсіп жетілді. Аварлар халқының әдебиеті мен өнері едәуір дамыған; әсіресе бейнелеу өнері өте бай келеді (ағаш ою, кесте тоқу, тас қашау, алтыннан әр түрлі заттар жасау жағы басымДіні - суниттік мұсылмандар.Дәптерге жазып алыңыз. Шығарманың композициялық жоспары:1.Оқиғаның басталуы: Парижде дағыстандық суретшімен кездесуі.2.Оқиғаның дамуы.а)Суретшінің салған суреттерін көрсетуін өтінді.б) «Елді аңсау»суреті.3.Оқиғадағы шиеленіс:а)Аварлардың көне аңыз желісі бойынша салынған суреті.ә)Елге неге қайтқыңыз келмейді?4.Оқиғаның шарықтау шегі:а).Суретшінің туған-туысқандарымен, анасымен болған әңгіме.ә).Сендер аварша сөйлестіңдер ме?5.Шешімі: Менің ұлым баяғыда өліп қалған.1-тапсырма. Баяндаушының немесе кейіпкердің іс-әрекетін, көзқарасын өз пікіріңмен түсіндіріңіз.Үзінді Түсіндірме...Жер жүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты... ...менің ұлым баяғыда өліп қалған... ...Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме тек қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма? 2- тапсырма. Суретшінің анасына суретшіні қорғап, дәлелді хат жазыңыз. 3-тапсырма. Автор бейнесін анықтап, оның туған тіл туралы айтқан ойын, авторлық фразеологизмдерді дәптерге теріп жазыңдар.
Ответы
«Екі езуі екі құлағында» тақырыбына шағын әңгіме құрау.
Желтоқсанның жиырма тоғызы жақындап келеді. Бұл дегеніміз – біздің үйдің кенжесі, менің кішкентай бауырымның туған күніне бірер күн ғана уақыт қалды деген сөз. Інім Жаңа жылмен қатарлас келетін туған күнін асыға күтуде. Күнделікті ұйықтар алдында «туған күніме бес күн қалды, төрт күн қалды» деп санап жүр. Үй ішімен ақылдасып, барлығымыз туған күннің қамына ертерек кірісіп кеткен болатынбыз, биыл кенжеміздің алғашқы кішігірім мерейтойы, бес жасқа толғалы отыр. Осы жолы тосын сый жасаймыз деп шештік.
Сонымен, әне – міне деп дайындалып жүргенде жиырма тоғызыншы желтоқсан да келіп жетті. Үй ішімізбен ертерек оянып, кенжетайдың оянуын күтіп отырмыз. Соңғы рет барлығын тексеріп алып, дайын отырмыз. Бауырым ұйықтап жатқан кезде әпкем екеуміз балалар бөлмесі мен қонақ бөлмесін шарлармен безендіріп қойған болатынбыз. Анам арнайы үлкен торт пісіріп, үстіне «Кенжетай 5 жасың құтты болсын!» деп жазу жазды. Ал әкеміз болса, ең басты туған күннің сыйлығын алған болатын.
Сонымен, кенжетай оянып, «бүгін менің туған күнім» деп қонақ бөлмесіне кіріп келгенде, барлығымыз шапалақтап, «Тосынсый!» деп, ән айтып, құттықтадық! Бауырым аң – таң болды. Ең қызығы, әкеміз кенжетайдың көптен күтіп, армандап жүрген кішкене күшігін қолына ұстатқанда, бауырымыздың екі езуі екі құлағына жетіп, мәз болғанын байқадық. Сыйлықты дәл тапқанымызға өзіміз де риза болдық.