Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
7. Өлеңді өз сөздеріңмен 8-10 сөйлем етіп жазыңдар. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданындар. Астана Астанам! Ару қалам, асқақ ордам, Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған. Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым, Бермеген ел намысын жатқа қолдан. Бозоғым, бозбеткейлiм, баққа оранған, Тарихтың қойнауынан тапқан олжам. Баянды бақытымның бастауындай, Айналдың Астанаға аппақ арман... Ертеңің ұлтын сүйген ұлыңа сын, Қашанда еркіндіктің құны басым. Керіліп кербез далам көсіледі, Сезініп бостандықтың шұғыласын! Сан ғасыр армандаған Алаш бабам, Жалғанды жалт қаратты жаңа Астанам. Бірлікті байрақ етіп болашаққа, Барайын, уа, Жаратқан, жол аш маған! (Қалқаман Сарин
Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.