Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларыТыңдалым және айтылым1. Мәтінді тыңда.Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысыболып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейінбозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жербеті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлерінеоралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады.Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт.Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жемшашу, қуаныш.
Алматы қаласы туралы 10 сөйлем.
1. Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.
2. Алматы қаласы - республикалық маңызы бар қала.
3. Алматы - мәдениет пен ғылымның, қаржы мен іскерліктің орталығы саналады.
4. Төбесі көкке тірелген Алатауымен ерекшеленеді.
5. Алматы қаласы апорт алмасымен атақты.
6. Сонымен қатар Алматы қаласында аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы кешені бар.
7. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.
8. 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында метро қолданысқа берілді.
9. 2011 жылы Алматы қаласында қысқы Азиада ойындары өткізілген болатын.
10. Алматы қаласында түрлі театр, мұражайлар, көркемсурет галереялары секілді мәдениет ошақтары бар.