Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Айтыс - ертеден келе жатқан қазақ әдебиетінің үлкен саласы. Айтыс «көркемсөзбен жарысу» дегенді білдіретін поэзияның күрделі жанры .Айтыстың негізгі ерекшелігі - болған оқиға , шындық өткір тіл мен айтылады . Айтыс – нағыз ақындық өнер , суырыпсалма өнер . Ол – көркем ой мен әдеби тілдің ғасырлық даму жолын көрсетеді .Айтыстың қазақ тілінің сөздік қорын дамытуда маңызы зор . Тілдегі сұлу теңеулер , мақал - мәтелдер айтыс өлеңдерінде жасалған . Айтыс адамды әдемі сөйлеуге , шешендікке , тапқырлыққа үйретеді . Айтысқа шынайы ақындар ғана барады . Айтыс - ұйқасқан өлең ғана емес , көркемсөз , бейнелі ойға құрылған жауап . Айтыс тапқырлықты қажет етеді . Себебі қарсылас ақынның өлеңіне ұтқыр жауап айтылмаса , анын жеңіліс табады .Нағыз айтыскер ақын домбырасыз айтыспайды . Нағыз айтыскер ақын бірнеше өнерді меңгерген . Біріншіден , ол – сөз өнерін жақсы меңгерген шешен , екіншіден , әнші , үшіншіден , домбырада шебер ойнайтын әртіс . Кез келген ақын айтыскер ақын болмайды . Өлең жазатын ақын кеп Бірақ бәрі суырып салып өлең айта алмайды . Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды , терең ойлы , ұтқыр жауап беретін , логикалық ойлауы күшті жан болуы керек . Айтыста әдептілік сақталады"Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды , терең ойлы , ұтқыр жауап беретін , логикалық ойлауы күшті жан болуы керек" - делінген. Ол нені білдіреді?