Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретiнде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелі жұртшылықты ғылым негiздерiмен етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы ондай ғылым насихаткерiн де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Өзінің нақтылы тақырыбы жоқ, алғашқы жолы: «Мен адамның таппаймын өнерлiсiн...>> деген өлеңінде «...Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерін, мұрын, тускен тiсiн. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен магнит ісін... - дейді. Бір қараған көзге осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең-алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса - өлең тілімен жырлаған тәлімгер мiндетiн атқарып тұрған секілді. Иә, «секiлдi» емес, шынында да солай...Тағы бір жағынан алып қарасақ:Осыншама өнер тауып, асқан адам, Әлемнің қиын сырын ашқан адам.Ол үшін өмірге де айла табар, Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!..Керемет! Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасыныңбелсенділігін мейлінше ұзарта түсу амалын қарастыратын медицина саласы - геронтология ғой.Шәкәрім "кісі мәңгілік жасауы тиіс" демейді. Тек қана "өлмей, жетер бірталай жасқа да" дейді. Мұның өзiнде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арманы десе де, қиялы десе де болады.Яки, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми-фантастикалық дүние берді деуге болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
«Оқу - тәрбие процессінің гигиенасы»
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу - тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.