?>
Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – деген екен Г.Ревзин. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? *Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырыңыз, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз. *Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданыңыз, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін пайдаланыңыз.
Ответы
Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын» – деп Григорий Ревзин айтқандай, театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Бұл театр өнерінің тазалығы, шынайылығы және өміршеңдігінің бірден-бір көрінісі.
Театр – адамның рухани серігі. Олай дейтінім, адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орны осы ошақ. Бір ағылшын жазушысы «Театр мұражай сияқты. Біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз» деп жазған.