Vladstreletskiy
?>

Жазылым Қазақ тарихындагы өзіңе үлгі тұтатын батырга хат жазу. , ​

Казахский язык

Ответы

zybin41iz81

Шығарма- хат»

Халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлына хат! ...

Нұрын шашып жылда Жеңіс көктемі,

Ұшсын еркін бейбіт күннің кептері.

Aрдагерлер көшкенімен өмірден,

Өшпейді әсте ерлік-кітап беттері,- деп, батыр ата Бауыржан, өзіңізге мектеп бітіруші түлектері атынан хат жолдаймын. Міне, биыл сіздер сыйлаған Жеңіске 69 жыл толады. Сіз тәрізді Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік жолын өзімізге үлгі ету - біздердің парызымыз.

Сіздің өмірбаяныңызды білмейтіндер жоқ шығар, оны таныстырып жатудың да қажеті жоқ деп білемін. Өйткені өзіңіз жайында роман, повесть, , өлең, очерк, пьеса, мақалалар жазылды, көркемсуретті фильм де түсірілді. «Аңызға айналған батыр» атанып, әдеби кейіпкерге айналып кеттіңіз. Сіз сұрапыл соғыс жылдарында атақты генерал И.В .Панфиловтың сенімді серігі болдыңыз. Қан майдандағы қаһармандық ерліктің арқасында, даңқты қолбасшылар қатарына қосылдыңыз. Туған халқыңыздың, еліңіздің атын шығарып, ұлт батыры дәрежесіне көтерілгеніңізді мақтаныш етеміз.

Қаһарлы соғысқа бүкіл алаулаған жастық шағыңызды бердіңіздер. Қатерлі сәттерде ажал оғына қарсы тұрып, азап-мехнатқа толы ауырпалықты арқалап шықтыңыз. Сіз соғыстан семсердей өткір, емендей берік болып оралдыңыз. Сол бейнеңіз А.Бектің «Арпалыс» романына арқау болды емес пе ? Соғыстан кейін де сіз өткен ерліктің ізін суытпай қағазға төніп, кітап жаздыңыз .Ал ерлік туралы қанатты сөздеріңіз жауынгерлерге күш-қуат бергені анық. Сіздің шығармаңызда майдан шежіресі шешен тілмен суреттеліп, мағыналы мақалмен айшықталған.

Кітаптарыңызда соғыста от кешкен майдангерлердің тарихы суреттеліп, майдан өмірі елес беріп жатады.

Өйткені, бұл еңбектеріңіз жүрек қанымен, маңдай терімен, найзаның ұшымен, оқтың жарқылымен жазылған майдан күндерінің мызғымас ескерткіші емес пе?

Бауыржан Момышұлы! Сіздер жүріп өткен ерлік жолы біздерге, жас ұрпақтарға үлгі – өнеге. Бүгінгі күні арамызда болмасаңыз да есіміңіз, ерлігіңіз бізбен ,халқыңызбен бірге! Естеліктеріңіз сыр шертіп, бізді жарқын өмірге бастай беретініне сеніңіз.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жазылым Қазақ тарихындагы өзіңе үлгі тұтатын батырга хат жазу. , ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

panasenko68
Евгеньевна_Хусинов
Нужно очень Эссе минимум 80 слов​
Poroskun
printlublino
НиканоровСалиев675
sgritsaev
Татьяна Марина1287
sadinuraliev263
apetit3502
aobuhta4
Гаевая1290
GALINAMTO
Elvira-Natalya
ramco1972
Romanovich1658