pryvalovo48
?>

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз /120-140 сөз/.1. «Ұлтының қамын ойламаған адам дүниеқамын ойлап жарытпас» дегенді қалайтүсінесіз?2. «Ана тілім, мен сені мақтан етемін!»3. «Тәуелсіздік тұғыры».​

Казахский язык

Ответы

Nikolaevich_Vladimirovich1509

Ана тілім, мен сені мақтан етемін!

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем  

Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз /120-140 сөз/.1. «Ұлтының қамын ойламаған адам дүниеқамын ойлап жарытпас» дегенді қалайтүсінесіз?2. «Ана тілім, мен сені мақтан етемін!»3. «Тәуелсіздік тұғыры».​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sashakrav
upmoskovskiy
Лебедев972
metelkin7338
mzia-mzia-60682
Sergeevich-Novikov
markitandl
Никита_Тузов
Анатольевна824
stepa19806966
sve-lysenko
vasiliyglukhov
stertumasova29
ekvld708
Vladimir