Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
, это соч Тоқсандық жиынтық бағалау Задание №1Не сданоkeyboard_arrow_downТЖБ №4Оқылым1-мәтін Айтыс – халық ауыз әдебиетінің осы түрі – ХІХ ғасырда пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды. Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырыпсалма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – Айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі. Айтыскер ақындар алдын ала дайындықсыз сайысқа қатысады, жауапты өлеңмен ойдан шығарып кезек-кезек қайтарып отырады. Бұл сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді.2-мәтінТеледидар ХХ-ғасырда халық тұрмысына дендеп енген құбылыс болды.Ол болып жатқан оқиғаны экран арқылы көрсетіп, сол оқиғаның мән-мағынасын көру және есту арқылы түйсініп, санада қорытуға мүмкіндік берді.Осындай хабарлардың бірі – «Айтыс». Қазақтың өзіне ғана ұлттық маржаны, төл өнері теледидар арқылы шағын аудитория шеңберінен шығып, айтыс десе ішкен асын жерге қойып тыңдайтын, қызыға тамашалайтын мыңдаған адамдардың мінберіне айналды. Бұрын ауыздан-ауызға тарап тыңдаушыға бастапқы күйінен өзгеріп жетсе, қазіргі теледидар бір мезгілде бірден айтысты сол өзгермен нұсқасында миллиондаған аудиторияға жеткізуге мүмкіндік берді. Демек теледидар – белгілі бір орталықтарда ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталып сараланған ғылым мен өнердің асыл қазыналарын бүкіл еліміздегі барлық адамдардың игілігіне айналуына жол ашқан өнер түрі. 1. Қай тақырып екі мәтінге ортақ ?2. Екі мәтінді мұқият оқып, бұрыңғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстырыңыз.3. Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза)4. Айтыскер адамның бойындағы қасиеттерді атап, бағалайды.
1.Кезек-кезек, күте-күте, қырқа-қырқа.
2.Ата-баба, тау-тас, іркес-тіркес, салдыр-гүлдір.
3.Тап-таза, тып-тыныш, үп-үлкен
Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.