Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қостанайлық жас өнертапқыштар анимациялық латын әліппесін ойлап тапты. 3D мобильді қосымшаға негізделген инновациялық жоба балалардың латынша жазбаны тез әрі ойын түрінде меңгеруіне арналған. Әліппенің басты ерекшелігі – гаджеттермен бірге қолданылуында. Смартфондағы бағдарлама арқылы камераны кітапқа қаратқанда оқулықтан 3D анимациялық суреттер шығады. Бұл – әсіресе есту қабілеті төмен балалар үшін латын әліпбиін визуалды үйренуде таптырмас мүмкіндік. Ал көзі нашар көретіндер бірнеше тілде дыбысталу арқылы жақсы түсінеді. Ілияс Әзілханов мен Зарина Мырзатаева жаңа технологияны 10 күннің ішінде жасап шығарған. Бұл әзірше үлгі ғана. Әлі де жетілдіре түсетін дүниелер көп. Ойлап тапқан қосымша шынайылық функциясын болашақта басқа да салаларда енгізу жоспарда бар. 2020 жылдан бастап мектепалды даярлық және бірінші сыныптың оқу бағдарламасында қазақ тілі латынша оқытылады. Сондықтан бүлдіршіндер оған дайын болсын деген мақсатта еңбек еткен. Қарапайым кітап түрінде емес, суреттерді тірілту арқылы әліппе балаларға қызық болатындай жасалған. . Мәтіндегі мәліметтерді кестеге толтырыңыз (заполните таблицу по содержанию текста [2] Анимациялық латын әліппесінің артықшылықтары (преимущества анимационного латинского алфавита)
Мен Ақтауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Ақтаудың орны ерекше.
Ақтау қала ретінде XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Каспий жағалауы – Ақтаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Ақтауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, әсіресе мұнай, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..
Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Ақтаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.