Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз. Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. Ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң қаламын. Өрік ағашы өте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары өте мықты. Бірақ жемісі өте кішкентай әрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен жапырағы өте әлсіз. Ал жемісі өте үлкен әрі қатты. Бұл дұрыс емес. Өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады. Дәл сол кезде басына өрік келіп түседі. Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім». Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Әрқайсысының өз орны бар. Әрбір нәрсе өте керемет жасалған. Және бұл табиғат заңына бағындырылған. Бұның бәрі тегіннен-тегін емес. 2-тапсырмаСұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.№СұрақЖауап1Оқиға жылдың қай мезгілінде болған?2Бұл көрініс қайда болған?3Кейіпкер қай жерде тынығады?4Қожанасырдың басына асқабақ түссе неге тірі қалмас еді?5Мәтіндегі бір сөйлемге одағай сөзін қолданып жаз.
Әңгіме
Бал арасы.
Аралар – ұшатын,гүл шырынымен қоректенетін әрі бал деп аталатын емдік азық өндіретін тіршілік иелері.Аралардың бәрі бірдей бал арасы болмайды екен.Жай ғана гүл шырынымен қоректенетін аралар да болады.
Бал арасы өзге аралардан өзінің денесіндегі бал жинайтын қоржыншамен ерекшеленеді екен.Олар өз істеріне епті болып келеді.Мысалы,олар жүздеген шақырым жерден балға жарамды гүл шырындарын іздейді,мыңдаған гүлден шырын жинайды,соған қарамастан үйлеріне адаспай жете алады екен.
Бал арасын қолға үйретуді адамдар осыдан бес мың жыл бұрын бастаған екен.Қазіргі таңда омарта шаруашылығы деп аталатын арнайы сала бар.Ал бал – мың ауруға ем.Бал үш мың жылға дейін бұлінбейді.Балдан балауыз,неше түрлі материалдар алады.Бүгінде бал араларының саны азаюда.Сол себепті оларды біз үлкен қорғауға алуымыз керек.