Троцкая-Ивановна
?>

Биыл Абай Құнанбаевтың мерейтойы бойынша дәстүрлі Абай оқулары Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматыда өткізіледі. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. Алматы демалыс, түрлі ойын-сауық мүмкіндіктері мен толық қамтамасыз етеді. Абай оқуы қатысушыларына таза ауадағы табиғаты мен ерекше Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ таушаңғы демалыс орнымен Көктөбе таулыбағынының тамаша көріністері және ондағы көрсетілетін қызметтер ұсынылады. Мәтіндегі сұлу табиғаттай сіздің өлкеңізде әсем көрініс табылама? Өз өлкеңіздің көркем табиғатын сипаттап 3 сөйлеммен жазыңыз.

Казахский язык

Ответы

gdmaslo

Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.

Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.

Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.

Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.

Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Биыл Абай Құнанбаевтың мерейтойы бойынша дәстүрлі Абай оқулары Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматыда өткізіледі. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. Алматы демалыс, түрлі ойын-сауық мүмкіндіктері мен толық қамтамасыз етеді. Абай оқуы қатысушыларына таза ауадағы табиғаты мен ерекше Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ таушаңғы демалыс орнымен Көктөбе таулыбағынының тамаша көріністері және ондағы көрсетілетін қызметтер ұсынылады. Мәтіндегі сұлу табиғаттай сіздің өлкеңізде әсем көрініс табылама? Өз өлкеңіздің көркем табиғатын сипаттап 3 сөйлеммен жазыңыз.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Денис1619
Геннадьевна
Anatolevich-sergeevna
natalyazx151092814
Tamara
stalker2201
спец Михасов
Ольга1915
rakitinat8
Ольга тимур
o-kate17
yuda12
klimovala2
Anastasiya1537
ckati