Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. [3] Қазіргі жағдайды байыппен барлап, бағамдайтын болсақ, алыс көкжиектен бақытты да баянды болашақтың сұлбасы ағараңдайды. Ғылым мен техника өз жетістіктерімен адамзатқа бейне бір «ізгілік үшін игілігіңе жарат» деп үн қатқандай... Бір өкініштісі, осынау ұлан-асыр, көл-көсір мүмкіндікті қажетінше пайдалана алмай жатқанымыз да белгілі. Бүгінге дейін жанын шүберекке түйген ізгілік жаршыларының адамзатқа бағыт-бағдар беру секілді салмақты да салиқалы жауапкершілікті мойнына алмауы жалпыға ортақ баянды өмірдің орнауын кешеуілдеткенімен қоймай, мәңгілік өмірде қауышар игілігі тұрғысынан да көңілді күпті ететін көптеген күдік-күмәндардың шырмауына түсуіне сеп болды. Қазіргі жағдайға қарап, «алған бетінен жарылқасын» деп қалыс қалу түбінде құрдымға батыратын батпаққа өз еркімізбен кіргенмен бірдей. Ендеше, алтын бесік, аялы дүниеміздің бойын ғылым-білімнің көмегімен түзеп, сәні мен мәнін келтіреміз не болмаса «көппен көрген ұлы той» деп өз-өзімізді құздан тастап жібереміз... Базбіреулер ғылым мен технологияға негізделген дүниені тұтастай жатсынып, а ң бұл беталыспен тобырлық санасыздыққа ұшырайтындығын алға тартады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Тарихқа көз жүгіртсек, өткеніміз ғылымнан кенде болмаған, ендеше болашақты да ғылым-білімсіз елестету мүмкін емес. Ғылым болмаса, дүниенің адамға берер ештеңесі де жоқ. Себебі, бұл дүниедегі көптеген нәрсенің түйіні ғылым-білімге барып тіреледі. Ашығын айту қажет, қазіргі таңда қалаларда адамның сана-сезімі қаланың қым-қуыт тіршілігінің дырдуынан жаттанып, жадағайланғандығы, ой-пікірі көмескі тартып, денсаулығының да күрт нашарлағаны, бәрінен бұрын адамдық құндылықтардың аяқ асты болғандығы қынжылтады. Дегенмен, барлық кінәратты ғылым мен технологияға аудара салу да жөн емес. Бұған кінәліні алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қандай да бір кінәрат іздеу қажет болса, ар-ожданы таза, нағыз ғалымдардың жауапкершіліктен жалтаруынан іздеген жөн. Өйткені, қоғам игілігін ойлап, өзінің қадір-қасиетін бағалаған нағыз ғалымдар өздеріне жүктелген осынау жауапкершілікті сезініп, міндеттерін орындаса, қазіргідей қиын жағдайға душар болмас па едік? Ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкін-дікте жаратылған а ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмір-леріне мойынсұнып, құл екенінсезінуі дегенге саяды.
Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Мөлдір 1-ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын 2-ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі 1-ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дененің табиғатына, оның бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. Бізге көрінетін денелердің басым көпшілігі өзінен жарық шығармайды. Егер жарық сәулесі түсетін бет жалтыр, тегіс болса (яғни түскен сәуле толқынының ұзындығы беттің бұдырларының биіктігінен үлкен болса), онда Жарықтың шағылуы айналық (“дұрыс”) шағылу деп аталады. Мысалы, беті мұқият тегістелген металдан Жарықтың шағылуы айналық шағылу болады. Айналық шағылу кезінде мынадай заңдылықтар орындалады:
1) шағылған сәуле түскен сәуле мен шағылдыратын бетке түсірілген нормаль арқылы өтетін жазықтықта жатады;
2) сәуленің шағылу бұрышы () түсу бұрышына () тең (=), түскен және шағылған жарық сәулелері өзара қайтымды болады. Егер жарық түскен бет күңгірт немесе кедір-бұдыр болса, онда жарық барлық жаққа бытырай шағылады, яғни жарық жан-жаққа шашырайды. Жарықтың осылай шағылуын диффузиялық (шашырап) шағылу деп атайды. Мысалы, кәдімгі қағаз беті жарықты шашыратып шағылдырады. Диффузиялық шағылуда денеден шағылған сәулелер жан-жаққа таралатындықтан, ол денені біз барлық жақтан да көре аламыз. Жарықтың айналық шағылуы кезінде шағылған жарық толқыны түскен және сынған толқындармен когерентті болады. Сондықтан түскен және шағылған толқындар бір-бірімен интерференциялануы да мүмкін. Жарықтың шағылуы кезінде жарықтың полярлануы да байқалады. Жарық шағылатын бет түсінің оны жарықтандыратын жарықтың түсімен бірдей болмауы да осыдан. Шағылған жарық қарқындылығының түскен жарық қарқындылығына қатынасы түскен жарықтың толқын ұзындығына тәуелді. Егер жарық сәулесі оптикалық тығызырақ (n1) ортадан оптикалық тығыздығы (n2) кемірек (n2<n1) ортаға өткенде мына шартты: sіnn2/n1 қанағаттандырса, онда толық ішкі шағылу құбылысы пайда болады.
Объяснение: