Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталды. 1928 жылы 22 қарашада Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ, оған 166 ел мүше) құрылды. 1851 жылы Лондонда көрмені өткізу үшін Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап халықаралық көрме қалашықтары салына бастады. 1893 жылғы Чикагодағы «Ақ қала» – осындай қалалардың алғашқы қарлығашы. Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында маңызды орын сәулетке берілді. Көрмені қабылдаған қалалар бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы… 1960 жылдардан бастап жаңа технологиялар дәуірі басталды. 1962 жылғы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрменің тақырыбы – «Ғарыш дәуіріндегі адам». 1967 жылғы Канаданың Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. Жетпісінші жылдары жаңа технологиялар қарыштап дамыды: микропроцессорлар, компьютерлер, Интернет байланысы, көлік түрлері түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты қамтыды. 1. Көрме барысында салынған ғимараттар туралы айтылған абзацты көрсетіңіз. [1] A) 1 B) 3 C) 5 D) барлық абзацта 2. Мәтінге қатысты тақырыпты табыңыз. [1] А)Көрмелердің түрлері В)Көрмелердің өткізілуі С)Көрмелердің тарихы D)Көрмелердің маңызы 3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1] Заман тұңғыш 4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 1 ақпаратты ажыратыңыз. [1] Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат 5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 2 сөйлеммен жазыңыз.
Көктем
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім. Көктемде сонымен қатар қазақ халқы үшін басты мейрамдардың бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланады.