Gulyaev_Egorkina
?>

Сделать по казахскому 10 номер 4​

Казахский язык

Ответы

k-serga1

көл мың екі жүз метр жоғары да орналасқан. көлдің ұзындығы алпыс екі метр,ені қырық метр. су мөлдір таза .судың түбі тасқа толы.

Novikova Aleksandrovna

"Біз – Егеменді еліміздің болашағымыз" диалог.

– Сәлем, Марат!

– Сәлем, Айдана! Қалайсың?

– Жақсымын, өзің ше? Мектепке бара жатырмысың?

– Жақсы, иә. Жүр, бірге барайық.

– Кеттік. Айдана, сен болашақ туралы ойланасың ба?

– Әрине. Әр адам болашаққа мақсат қоюы керек. Мысалы, сенің болашақта кім болғың келеді!

– Компьютер маманы болғым келеді. Себебі 21 ғасыр – технология ғасыры ғой. Елімді сол жағынан көркейту мақсатында еңбек еткім келеді. Сенің ше?

– Мұғалім болсам деймін. Жүздеген зерек оқушыларға оқып-тоқуды үйреткім келеді.

– Керемет! Ал ендеше өз мақсатымызға жету үшін еңбексүйгіш болуымыз керек. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғанда халқымыз, тұлғалар елімізді нығайту үшін қаймықпай тер төкті ғой. Бізге де солай ету керек.

– Дұрыс айтасың. Себебі біз – егеменді еліміздің болашағымыз. Мектепке де келдік.

– Иә, көріскенше!

– Сау бол!

olgapotapova

Қазақ тілі және әдебиеті

Агибаева Самал

Жазғы саяхатымды қалай өткіздім

Әр баланың асыға да, сағына күтетін бақытты сәті жазғы демалыс кезі. Тоғыз айлық оқуды аяқтаған соң балалар жазғы демалысқа шығады. Биылғы жылдың демалысы мен үшін өте қызықты да, көңілді өтті. Себебі ата - анам бізге тосын сый жасады. Біз үшін күтпеген жағдай болды. Астана қаласына қыдыртып, «Экспо - 2017» көрмесіне, Алматы қаласына алып барып қыдыртты. Астана қаласына барғанымыз қатты ұнады. Биік - биік болып салынған, әсем үйлер, тап - таза көшелері сондай әдемі. Біз барған «Ханшатыр» сауда орталығында балаларға арналған ойын алаңдары бар екен. Неше түрлі қызықты дүниелерді көріп таң қалдым. Жер асты мұхиты атанған «Думан» ойын - сауық орталығындағы балықтың неше түрі бар екен. Тасбақаның түрлерін, үлкен акулаларды, кіп-кішкентай, түрлі түсті балықтарды көрдім. Өте қызықты болды. Содан соң аспанмен таласқан әткеншекке отырдық. Онда Астана қаласы алақандағыдай көрінеді екен. Әткеншектің терезесінен «Бәйтеректі», «Ханшатырды» қай жерде тұрғанын көріп алдық та жаяу араладық. Жаяу көп жүрсек те, еш шаршаған жоқпыз. Айналаның бәрі қызықты. Тамашалап жүріп тез жетіп алдық. Астанадағы бір күнімізді осылай қыдырумен өткіздік.

Келесі күнді ата - анамның айтуы бойынша «Экспо - 2017» көрмесіне арнадық. Экспоға ең алғаш барғанда үлкен шар көзіме түсті. Бұл еліміздің «Нұр әлем» деп аталатын павильоны екенін ата - анам түсіндірді. Ішіне кіріп араладық. Сегіз қабаттан тұрады екен. Оның ішінде галактика, су бұрқақтар, Күн жүйесі, сегізінші қабаттағы әйнектен салынған көпір, айнадан жасылынған төбе, дәндерден жасалған еден, Ғарыш айлағы, ғарышкердің мүсіні, айдың беті бейнеленген жер бәрі - бәрі қатты ұнады. Сонымен бірге басқа да шет мемлекеттердің көрмелерін де тамашаладық. Олардың ішінде Германия павильонындағы лазерлік шоу, Мәскеу павильонындағы мұзтау, Тайланд елінің павильонында жүгері туралы мультфильмді көрдік. Африка елі қолдан жасалған бұйымдарын саудалады, ән айтып, би биледі. Осылардың ішінде өзіме қатты ұнағаны еліміздің ұйымдастырған көрмесі. Көрменің маңыздылығы ғалымдардың ашқан жаңалықтары, болашақта жасыл энергияны, жарық пен жылуды қалай пайдалану жолдарын көрсеткен.

Астана қаласынан кейін Алматы қаласына бардық. Ол қала да үлкен қала екен. Алматы қаласы анамның айтуы бойынша ескі, мың жылдық тарихы бар көне қала екен. Ол қалада «Көктөбеге» арқан бойымен көтерілдік, таудан түнгі Алматының әсем көрінісін тамашаладық. Хайуанаттар бағына барып жануарлардың түр - түрін көрдік. Басқа да толып жатқан қызықты оқиғаларды басымыздан өткердік.

Маған биылғы жазғы демалысым өте қызықты болды. Экспо көрмесін тамашалау екінің біріне бұйыра бермейді. Сондықтан бар әлем көз тіккен көрмені тамашалау бақытын сыйлаған ата - анама алғысым шексіз. Маған бәрі қатты ұнады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сделать по казахскому 10 номер 4​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Khlustikova_Borisovna
ANDREY261965
Anna-Miron
peresvetoff100015
Rubber-soul
yanagitsina
zyf0066
artem-whitenoise142
lion13
emilbadalov
blagorodovaanna375
Пономаренко
emilbadalov
Викторовна
cardiodoc08