fmba18
?>

Мәтіндегі 5 сөйлемге түрлі нұсқада сұрақ қой​

Казахский язык

Ответы

ГазалиеваКозак

ответ:

ұлы жібек жолы» ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда болған. оны қолданысқа енгізген белгілі неміс фердинанд фон рихттофен. жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты – қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды.

сонау еуропа мен азияны біріктіріп жатқан бұл жол ғажайып жетістіктерге жеткізді. ған елдердің бір-бірімен сауда-саттықпен айналысуына, ғылым салаларының , діни және мәдени салт-дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал етті.

ұлы жібек жолы ежелгі қазақстан жерімен де өткен. ең негізгі сауда жолы тянь-шань тау сілемдерімен, сырдария, талас, шу, іле аңғарлары аркылы қытайға ұласкан, жолдың ендігі бір бөлігі яқсарт, сейхун деп аталған сырдария, орал (жайық) өзендерін жағалай ары қарай қаратеңіз маңы, византия мен батыс еуропа жерлеріне дейін созылып жатты.

негізгі күре тамырдан орталық қазақстан далаларына, сарыарқа мен ертіске, алтай мен моңғолияға карай тарамдалған жолдар өткен. осындай жолдардың бойында исфиджаб, усбаникент, отырар, түркістан, тараз, сауран, сығанақ, сарайшық, жаңакент сияқты ірі қалалар болған. бұл қалалардың өркендеуіне ұлы жібек жолының тигізген әсері мол. қалалар мен далаларды, тау етектерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, кейіннен түргеш, қарлұқ, оғыз, кыпшақ, қимақ сияқты ежелгі түркі тайпалары мекендеген.

қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар қытай мен византия, иран мен үндістан елдерінің теңге сарайларында нақыштап соғылған теңгелер мен ділдәлар қазып алған. сонымен бірге сол жерде жасалған әрі сауда керуендерінен келген басқа бұйымдар да табылған. алматы маңындағы ежелгі талхир қаласының орнын қазған кезде иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар қолға түсті. әсіресе, беті түрлі танғажайып оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген табак ерекше қызықтырып, ықылас тудырады. қызыл түсті жапон фаянс тостаған сынығының іші мен сыртында айдаһар, тау мен теңіз, «алтын» киім киінген ер кісі мен әйел әсем бейнеленген.

көз қызықтырар қола айналар – таяу шығыс пен қытайдан шығып, кең таралған заттардың бірі. олардың сырт жағына гүлді оюлар, ұшып бара жатқан тырналардың суреттері салынып, араб жазулары да түсірілген.

ұлы жібек жолы бойымен ферғананың әйгілі жүйрік аттарын, араб және түрікмен арғымақтарын, түйе мен пілдерді, арыстан мен керіктерді, сілеусін мен карақұйрықтарды, сұңқар мен каршығаларды, тауық пен тотықұстарды, тіпті түйеқұстарды да сату үшін алып

lyubavalev8
Қазақ әдебиетi — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («қобыланды батыр”, «алпамыс”, «ер тарғын”, «қамбар батыр”, т. халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар («қозы көрпеш-баян сұлу”, «қыз жiбек”, т.б.) қазiргi қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. ауыз әдебиетi. ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «алып ер тоңға”, «шу” батыр, «атилла”, «көк бөрi” және «ергенеқон” дастандары бүгiнгi қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («күлтегiн”, «тоныкөк”, «бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте . түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «қорқыт ата кiтабы”. ал, бұдан кейiнгi қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени тарихындағы қайта өркендеу — ренессанс дәуiрi деуге болады. бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан әбу наср әл-фараби, әбу әли ибн сина, әбу райхан әл-бируни, махмұт қашқари, жүсiп ғұни, ахмед иүгiнеки, қожа ахмет иасауи, сүлеймен бақырғани, т.б. осы қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. бұған әл-фарабидiң «риторика”, «поэзия өнерi туралы”, ибн-синаның «даныш-намесi” («бiлiм кiтабы”), әл-бирунидiң «хикметтерi” («даналық сөздерi”), махмұт қашқаридiң «диуани лұғат ат-түрiк” («түркi сөздерiнiң жинағы”), ғұнидiң «құтты бiлiгi”, иасауидiң «диуани хикметi” («ақыл кiтабы”), бақырғанидың «бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтіндегі 5 сөйлемге түрлі нұсқада сұрақ қой​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

books
paninsv
pak1998378
Сергеевич1907
nadyatsoi
svetasvetlana429
vadimpopov88
shalashcoffee
cafemgimo
achernakov
NIKOLAI
moskwa999
knigi21212
om805633748
iordanekaterina