Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрадыПлазмалық жарғақша (мембрана) (латынша «membrano» – жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген.
Жарғақшаның қызметі: 1) жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен қажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Себебі плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерін саңылау дейді. Заттардың барлығы саңылаулар арқылы өтеді; 2) плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; 3) жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды.
Қазақ жан мен мал азығын қатар ойлаған халық. «Еңбек етсең емерсің» деп қара жерге астық егіп, қырға малын өргізіп, тіршілікпен құтайған жұртпыз. Бұл күнде жеке шаруа қожалығын ашқан жандардың Үкіметтен қолдау тауып, істерін дөңгелентіп жатқаны көңіл қуантады.
Ел дамуына өзіндік үлесін қосып әрі бастаған ісінен бақ тауып жүрген сондай азаматтардың бірі «Зарина» шаруа қожалығының басшысы Марат Чуженов. Аталған қожалық Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округі, Қосағаш пен Бірлік ауылдарында 1999 жылы жасақталған. Олардың негізгі бағыты егін және мал шаруашылығы. Бүгінгі күні бұл шаруашылықта қос ауылдан отыз адам жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Тұрғындар бұл шаруа қожалығының ашылғанына дән риза.
Осылайша өз ахуалын көтеріп қана қоймай, ел экономикасының өрлеуіне де үлес қосады. Щаруа қожалығының егіс алқабындағы үш мың гектар жерге жаздық және күздік бидай, арпа мен к шөп егілген. Ал жайылым алқабы екі мың гектарды құрайды. Жалпы, шаруа қожалығына тиесілі бес мың гектар жер бар. Сондай-ақ, мал шаруашылығы бойынша да абыройлы еңбек етіп жатқандығын аңғардық. Бұл жайлы қожалық басшысы Марат Чуженов: – қазақ халқы қандай салада жүрмесін, нендей істің басында болмасын, малсыз бір дүниесі кем секілді болмай ма?! Сондықтан, мал қазақтың жаны деп бабаларымыз тегін айтпаған. Осы шаруашылықпен шұғылданып жүргенімізге он алты жылдан асып барады, – деп атакәсіпті жалғастырып жүргенін жеткізді. Осындай шаруашылықтың басшысы болса да қарапайымдылықтан айнымаған Марат Сағынтайұлының иелігіндегі қожалықта екі жүз бас ірі қара, сексенге жуық жылқысы бар. Шаруашылық қажетті техникалармен де толық қамтылған. Мұның өзі әл-ауқаты жақсы, өзіндік табысы мен ел үшін тигізер пайдасы мол шаруа қожалығы екенін аңғартады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4тапсырма казхский язык бет 113 2 часть 5 класс шайнакол потом идет картинка орналыскан и тд ответе у кого вообще он есть
ответ:
вот это
объяснение: