Көкпар көшпенделердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық ойыны. бұл тек үлкенді-кішілі той-томалақтарда, қуанышты сәттер мен күндерде өткізілетін ойын түрі болғандықтан, кейбір ас беру, марқұм болған еске алып жылдығын өткізу сияқты рәсімдер кезінде ойналмайды. жалпы аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеуші ә.қалиұлы, «қазіргі көкпар тарту әуелде әлеументтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. түркі қағандығы кезіндегі «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді.расында, көшпенділердің өмір сүру салтында, жауынгерлік өнердің маңызы зор. егер де, ат үсті сайыста дайындықсыз сарбаз ажал құшуы мүмкін. сол себепті, көкпар сияқты ұлттық ойын түрлерін жетілдіру арқылы әскери-жауынгерлік дайындыққа мән берген. айталық, қырғын шайқас кезінде жараланған жолдасын жау қолына тастап кетпес үшін, оның денесін іліп алып, майдан ортасынан алып шығу керек. бұл іс көкпар тартып әбден машықтанған сарбаз үшін қиынға соқпайды. демек, көкпар дегеніміз – жауынгерлік өнер. жауынгерлік өнер көкпарды тарту үшін сойылған ешкі түлігін қолданады. алтай қазақтары көкпарға көк түсті ешкіні (лақ, серке) тартатын болғандықтан ол өңірде көкпарды «көксерке» немесе «көклақ»деп те атай береді. көкпарға лақ немесе үлкен серкенің таңдалуында өзіндік ерекшелігі бар. лақты жас тайға мініп тарса, серкені сақа жігіттер тартады.этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. кейін ол ұлттық ойынға айналыпты-мыс. көкпар — тек қана қазақтар емес, орта азия халықтары арасында да кең тараған ойын түрі. ол қырғыз, өзбек тілінде «улак тартыш», тәжік тілінде «бузкаши» деп аталады екен. ал ауғанстандағы «бузавиш» ойыны көкпарға өте ұқсас болса, аргентина халқының да осы тәрізді ат спорты ойындары бар.
sodrugestvo48
29.09.2021
Бұл жазбаны осы жолы жазуыма бірнеше ң сұраныстары себеп болды деуге де келетін шығар. оның үстіне өзім де жазғым келген. бірақ қу басқа түрлі ойлар келіп сол бойына жазылмай қалған болатын… сосын ойландым. анамның бойындағы бар қасиетін жазудың қандай кінәраты бар? ! әрі оған деген перзенттік махаббатты жеткізудің несі айып? ! әрине, анаға деген құрмет жазумен өлшенбейді! бірақ жазудың да мақсат-мұраты бар. бұл кішігірім әңгімемді қүйбең тірліктің тасасында жүрген бауырларым оқыса, бәлкім олардың да анасына деген махаббаты түлеп, еселенер деген оймен бір шешімге келдім. себебі, өзім де ана туралы өлең, әңгімелерді оқып, не болмаса ән тыңдай отырып, соны қалдырған жазушының (автордың) кейпіне еніп алып жаным рақат тауып қалатын.менің анам қатал. бізді жиі ұрсатын. сондықтан да күнімде кейде кейбір жолдастарымның аналарына қызыға қарайтынмын: неткен жақсы, ешқашан ұрыспайды. не істегісі келсе, соны істейді. ң айтқанын екі етпей орындайды… ал менің анам бізді еркімізге жібермей, тек өзінің темірдей тәртібінің шеңберінде ғана ұстайтын. әрбір ісімізге, жүріс-тұрысымызға қатты көңіл бөлетін. ол уақытта мұның бәрі бізге ұнамайтын. алайда осының бәрін тек іштей ойлаймыз. себебі, «мама неге бұлай…» деп айтуға ешқайсысымыздың батылымыз жетпейтін. «сенің анаң қатал иә? » дейтіндер де болды. сонда «менің мамам жұрттың жүзіне неліктен ыржиып қарамайды екен» деп ойлайтынмын…қазір барлығымыз кейде «ң аты – екен ғой…» деп өткенді айтып күліп аламыз. «кім нені көргісі келсе, соны көреді» демекші, тек анамызды айдаһардай көрген біз екенбіз. енді қазір бұрынғы көрқарасқа кереғар ойлаймын: менің анам неткен жұмсақ не деген неткен ақылды! … дейтін болдым.бізді анамыздың туралығы тәнті етеді. қайратты, жігерлі жан. жүрегі кең, қолы жомарт . әкем көңіліне көп қарайды. ал анам шындықты айтушы. барды – бар, жоқты – жоқ дейді. сол үшін де жұмсақ сөзге үйір басқаларға ұнамайтын шығар деп қоям. алайда, менің анам сияқты салмақты, сабырлы, турашыл, кеңпейіл қасиетке көбіміз кедейміз. кейбір туыстарымның көңілім толмай қараймын. сонда «шіркін, анамның тәрбиесіне салып алар ма еді, осыларды» деп кейде пенделікпен ойлап та қоямын.29 жасында 6 болған анам, расымен де батыр ана. машақаты бітпейтін ауылдың ауыр тірлігі көпшілікке мәлім. үлкені небәрі 10-да, ал кішісі – мен жөргекте… шұрқыраған алтаудың алты түрлі тілегі бар… алтауы да жыласа алты түрлі дауыспен жылайды… алтауы алты түрлі тамақ жегісі келеді… алтауын бірдей шомылдыру… алтаудың тәрбиесімен айналысу… мұнымен бітпейді. әкем іс-сапарымен кеткенде даланың шаруасы осы пейнетке келіп қосылады…осыларды қазір ойласам, анамды арқама салып алып, аяғын жерге тигізбей көтеріп жүргім келеді. бірақ біздікі сөз күйіндегі махаббат… сол себептен де анамыздың бізге берген бір қасық асын өтеу әзірге қиын болып жүр. арасында ананың ға деген махаббатынан артық, күшті сезім жоқтай көрінеді. жұмсақ тәртіп көрсек, бәлкім анамыздың қадірін де білмес пе едік? ! егер өмірден бірдеңе үйреніп, сәл де болса жалғанның сырын түйсініп жатқан болсақ, осының бәрінде де асыл анамыздың үлкен үлесі жатыр… өмірдің осыншама қиындықтарын көрген анама мен аяушылықпен қарамаймын. себебі өмір әркімді бір-біріне ұқсамайтын сынағына салады. арманым – анам біздің емес, алланың бағалауына іліксе. ал тілегім – алла анамның құлшылығын қабыл етсе. ал бұл жалғанда менің ата-анам бақытты жандар деп ойлаймын…алпысқа таяған анам, әзірге бір келін, үш күйеу , бірнеше немерелі болды. қазір менің елге оралғанымды сарғая күтіп жүр.
это характеризуется так: кара кой ,чёрный баран