Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі.
Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамның психологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.[1][2]
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нужно составить диалог на тему "қазақ қолөнері"
Б Қазақ елі бай ел
Менің елім – Қазақстан. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейінгі 9-орынды алады. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Климаты-барынша континентальді. Қазақ жері ұлан-байтақ, таңқаларлық әдемі жер. Еліміздің ұлан-байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл - сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар. Қазақстанның байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Елімізде мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және тағы басқа да байлықтар жеткілікті. Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұр. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады. Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан - дәнді дақылдар (негізінен астық), азық-түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі - мал шаруашылығы. Ол жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл-оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Қазақстан ғылымы да әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зерттеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.