Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. бордың құрамындағы бір клеткалы әктасты ң — кокколито-форидтердің қалдықтары 10 — 75%-ке, фораминиферлер 5 — 6%-ке, кейде 40%-ке дейін жетеді. аздап моллюскілердің, белемниттің, аммониттің, мшанканың, теңіз лаласы мен кірпілерінің, маржандардың, т.б-дың қалдықтары кездеседі. бор қ шөгуден және органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзіледі. бордың қаттылығы 1-ге жуық, меншікті салмағы 2,2 — 2,8 г/см3. бор құрамында кварц, монтмориллонит, каолинит, гидрослюда, опал, глауконит, халцедон, цеолиттер, пирит, барит, темір оксидтері болады. бор жылы климат жағдайында тұзд. қалыпты теңіздерде ондаған м-ден жүздеген м-ге дейінгі тереңдіктерде тұнады. геосинклинальдік аймақтарда бордың шөгінділері қатайып, әктасқа айналады. бор мезо-кайнозой шөгінділерінде кең тараған. ол қағаз, шыны, цемент, парфюмерия өндірісінде, косметикада, медицинада қолданылады.[1]
Морозов
15.01.2020
Арман ата теледидарды кім құрастырды аяна оны құрастырды арман ата ал сен оны қаиақтан білесін мен оны бір кітапшадан оқыдым арман ата ол қандаи кітапша аяна сен оны өскенде білесін қызым