Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, антропологияда архантроптар — питекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солтүстік өңірінен табылды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Фантастика сөзіне кластер құру оқшау сөздерді пайдаланып, ойларыңды дәлелдеп айт
Əлемдік құндылық-өлең өзің секілді қарапайым əлемдегі адамдардың барлығы адамзатқа жатады,ұлтқа,дінге,тіл мен ділге бөлінбей кез келген кісіні досыңдай көруге шақырады.Бұл барша адамзатқа бір болып,бас қосып,жер анада барлығымыздың бірдей дос екендігімізді көрсетеді.
Ұлттық құндылық-бір шаңырақ астындағы қазақ ұлты бірін бірі бауырдай көрседе болады,өз ұлтыңның тарихын,мәдениеті мен қадір қасиетін біліп,бірін бірі қазақ ретінде сыйлау сипатталған.Тек қазақ емес,кез келген ұлт өз ұлтының азаматын бауырдай көріп сыйлау білуі қажет.Қазағымыз руға бөлінседе қаны бір деседе болады.
Өлең өзімшіл,тəкəппар болмай,бір болып,бас қосуға шақырып тұр.Кез келген пендені не өзіңдей дос,не бауырыңдай көріп бауырмашылдыққа,бірлікке үйретеді.