ответ:«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген бар. Қазақтың даласы кең. Жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы орын алады. Сол жердің байлығын игеретін де әрі иесі де келешекте дүниеге келер балаларымыз емес пе? Бала – мемлекеттің басты байлығы, қазынасы және болашақ тірегі. Демек, баланы асырап-өсіру – тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттің де басты міндеті болуы керек. Балалар да қарттар мен мүгедектер секілді қоғамның қорғансыз мүшесі екенін ұғыну қиын емес қой. Демек, ел азаматы ретінде, қоғамның қорғансыз мүшесі ретінде әр баланы бағып өсіруге, тәрбиелеуге, аналарға қамқорлық көрсетуге Үкімет қажетінше жәрдем беріп отырса, аналар бала туудан бас тартпас еді және балаларының да денсаулықтары анағұрлым жақсаратынында күмән жоқ.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Батыр Баян» (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы.
Қысқаша мазмұны Өңдеу
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.