olimov
?>

139 бет 4 тапсырма каз.яз 7 класс​

Казахский язык

Ответы

natachi

қошқарбаев рақымжан(1924 —1988 жж.)1924 ж. 19 қазанда ақмола облысы ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. фрунзедегі (бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.– берлиндегі рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, халық қаһарманы (1999).

талғат жақыпбекұлы бигелдинов (5 тамыз 1922, ақмола облысы, қорғалжын ауданы, қ ауылы - 9 қараша, 2014, алматы) талғатты 1940 жылы саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, чкаловтағы ұшқыштар мектебін аяқтайды.305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – берлинді алуға бірінші болып қатысады. кеңес одағының екі мәрте батыры, «барыс» орденінің иегері.

әлия нұрмұхамбетқызы молдағұлова (шын есімі ілия, майдандас достары «лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), ақтөбе облысы, қобда ауданы, қаз кср – 1944 ж. 14 қаңтар, псков облысы новосокольники ауданы, казачиха ауылы, ркфср)санкт-петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. 1943 ж. снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. – кеңес одағының батыры (1944), мерген, ефрейтор.

мәншүк жиенғалиқызы мәметова (шын есімі мәнсия) — 1922, орал облысы бөкей ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы) ұлы отан соғысы басталған кезде мәншүк алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен қызыл армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.— қаһарман қазақ қызы, кеңес одағының батыры (1944).

бақтыораз бейсекбаев (1920 —1941 жж.) жиырма бір жасында отан үшін жанын қиған жас қаһарман бақтыораз бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. біз мектепте оқып жүргенде соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне үшағын арнайы бүрып құлаған гастеллоның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. жарты ғасыр өткенде жағдайдың басқаша болғанына көзіміз жетіп отыр.

fygasika

Тәкен Әлімқұлов (Тәңірберген) (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауылы – 13.4.1987, Алматы) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.

Төлеңгіт руынан шыққан.[1]

Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың«Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Халықтар достығы орденімен марапатталған.[

NikolayGoncharov

Тәкен Әлімқұлов (1918–1987) 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. Көп ұзамай Алматыға «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас алаш») ауысады. Осы газетте оның журналистік стилі қалыптасады. 

1949 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түседі. Өлең жазып, әдеби сынмен шұғылдана жүріп, аударма саласында елеулі еңбек етеді. 

П.Павленконың «Бақытын», В.Поповтың «Құрыш пен қоқысын», Г.Николаеваның «Орақ үстіндесін», А.М.Горькийдің «Зеріктірген дүние» атты памфлетін аударған. Оның Низамиден, Пушкиннен, Лермонтовтан, Маяковскийден аударған өлеңдері мен поэмалары оқырман жұртшылықтың көңілінен шықты. 

1955–1970 жж. КСРО Жазушылар одағында қызмет атқарады. Орыс тілінде жазған сын мақалалары Мәскеудің «Советский писатель» ба О и настоящем» деген атпен жарық көрді. Қазақ жазушыларының шығармаларын арагідік орыс тіліне аударған. 

Шығармалары: Сапар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1950; Жемісті жолда. Әдебисын мақалалар. А., ҚМКӘБ, 1958; Ақбоз ат. Роман. А., ҚМКӘБ, 1962; Жазғы жаңбырлар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Сейтек сарыны. Повесть. А., «Жазушы», 1966; Туған ауылда. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1968; Бозжорға. Өлеңдер. «Жазушы», 1969; Күрең өзен. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы, 1971; Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая. А., «Жазушы», 1972; Кертолғау. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1973; Вся жизнь впереди. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1974; Тұлпарлар тағдыры. Роман. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Шежірелі сахара. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1976; Жұмбақ жан. Зерттеу. А.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

139 бет 4 тапсырма каз.яз 7 класс​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*