атюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрмортың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан.Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілер Ф.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе,Э.Мане, т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Натюрморт жанрының шыншыл да дәлдікпен өзіндік әсерге ие болуы постимпрессионизм шеберлерінің кезеңіне (В.Ван Гог, П.Сезанн, т.б.) сәйкес келеді. Кейіннен фомизм (А.Матисс), кубизм (П.Пикассо, т.б.) ағымдарындағы суретшілермен қатар Мексика (Д.Сикейрос), Италия(Р.Гуттузо) шеберлерінің еңбектерінен де натюрморт көрініс тапты. Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П. Кончаловский, И.И. Машков, М.Сарьян ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері: Ә.Жүсіпов (“Шыны аяқ”, 1960), А.Ғалымбаева (“Дәмді шай”, 1966), С.Айтбаев (“Кітаптар”, 1966), Т.Тоғызбаев (“Қарбыз бейнеленген натюрморт”, 1974), К.Дүйсенбаев (“Табиғат көрінісі”, 1978), Е.Кәрібеков (“Натюрморт”, 1986), Б.Ақанаева “Күміс натюрморт” (2003), А.Жансейітова “Натюрморт” (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.[1][2]
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диалог на тему колөнер нелер жатады .
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.