міне, қыркүйек туды, күз келді. күн қысқарып, түн ұзарды. аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. күн сирек көрініп, аз жылытады. анда-санда таңертең салқын болып қояды. өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. жұрт күземін алған, киізін де басып алды. маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. қарлығаштар көптен көрінбейді. аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай от басында отыр. жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5төл сөз бен 5төлеу сөз көмектесіңдерші
1)біз бүгін егін алқаптарының жайы туралы сөйлесеміз, - деді ауыл әкімі.
ауыл əкімі бүгін егін алқаптары жайында сөйлесетінін айтты.
2)бұл қыз менің қарындасым,-деді айбек,батырдың сұрағысы келгенін біліп.
айбек батырдың сұрағысы келгенін біліп,ол оның қарындасы екендігін айтты.
3)сізге айтар арызым бар,-деді ислам оған жақындап.
ислам оған жақындап,арызы барын айтты.
4)апа сізді шақырып жатыр,-деді тоғжан апасына.
тоғжан апасына оны шақырып жатырғанын айтты.
5)мұратбек ақеркеге күле қарап: -біз осы араға бұрындары келіп едік,-деді.
мұратбек акеркеғе күле қарап,бұрындары осы араға келгендіктері жөнінде айтты.