қартқожа" романы — жазушы жүсіпбек аймауытовтың 1926 жылы қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шыққан туындысы. бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. әсіресе жазушы әлеуметтік тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. шығарманың кейіпкерін де жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. бұл - автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы, "алаш орданың" құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, қазан революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі болып кіреді. шығарма қаһарманы қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. батасыз, тілексіз өмір болмайды. “батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық бата тілегі болады.