Қр мемлекеттік елтаңбасы елтаңба — қазақстан республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. қр президентiнiң “қазақстан республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. рәмiздiк тұрғыдан қр мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. ол — гербтiң жүрегi. шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. шаңырақ — күн шеңберi. айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. ол өлмес өмiрдiң бейнесi. бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. әрбiр ң жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. қ. р. м. г-нiң авторлары — ж. мәлiбеков пен ш. уәлиханов.
blagorodovaanna375
22.10.2022
Шахмат — ақыл-ой спорт түрі. шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.