tvshi
?>

Эссе на тему "саяхат және туризм"​

Казахский язык

Ответы

kirill76536
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа қытай, монғолия, иран, ауғанстан, түркия мемлекеттері мен тмд-ның ресей, өзбекстан, қырғызстан, түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, қар, құмық және тағы басқа тілдер. қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. оның қалыптасуға бет алуы хі-хіі ғасырлардағы түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, хү ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. ежелгі ң тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. тіл тарихы халық тарихына ұқсас. қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де , өзгеріп отырады. қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. екіншіден, жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. үшіншіден, кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі. 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “тіл туралы” заңда “тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “қазақ тілі – қазақстан республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. елбасы н.ә.назарбаев “қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұ үнемі айтып келеді. қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. ана тілін , қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. сүйемін туған тілді – анам тілін, бесікте жатқанымда-ақ берген білім. шыр етіп жерге түскен минутымнан, құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп с.торайғыров ағамыз жырлап өткен. ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. мысалы: “өнер алды – қызыл тіл”, “тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. абайдың даналығына, махамбеттің батылдығына, бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, абылайдың данышпандығына, бөгенбай мен қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз. с.бегалин атындағы мемлекеттік республикалық кітапханасы назарларыңызға “қазақ тілім, өркенде, бола бер күшті, көркем де! ” атты әдістемелік құралды ұсынып отыр. құрал мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар исі қазаққа арналады
academycoffee243

Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік-батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, жабайы шошқа, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан меңіреу құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұларлар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.

Рахман қайнары - шипалы жылы су көзi, Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.

Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эссе на тему "саяхат және туризм"​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

annasolod
vrn3314
pavelvsk2023
postbox
Стяжкин
zapros
Neveselova
Валерьевна1601
zbellatriks
Yevgeniya Bessonov
Platon
asnika1989
Vera-zero281
oldulo74
mashuska