АҚТАУ. ҚазАқпарат - 16 жасар Назира Қыдырбаева мүгедек жандарға арналған қол протезін ойлап тауып, ғылыми тұрғыдан тұжырым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Назарбаев зияткерлік мектебі ба өз қызметінің мәліметінше, Назира Қыдырбаева Ақтаудағы аталмыш оқу ордасының 11-сыныбында оқиды. Алғыр оқушы жасанды қол техникасы туралы жобасын былтыр зерттеп бастаған. Оның айтуынша, өзін шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, мүгедек жандардың тағдыры көп толғантады. Сондықтан ойлана келе, қарапайым және кез-келген жанға қолжетімді қол протезін жасап шығаруды мақсат еткен. «Мен жасап шығарған протез оңай қызмет етеді. Адамның сау қолының бұлшықеттері жиырылғанда, датчиктен микро бақылаушыға сигнал барады. Микроконтроллер келген белгіні өңдеп, моторға бағыттайды. Келген сигналға сәйкесінше, сервомотор саусақтарды жұдырыққа жұмады немесе ашады»,-дейді Назира Қыдырбаева. Ақауы бар қол жасанды материалдан жасалған механикалық қолмен біріктіріледі. Ол белгілі бір сигнал берілген соң, мықтап қысылады. Сигнал сенсор арқылы сау қолға қосылған құрылғыдан келеді. Сенсорлар сау қолдың бицепс және трицепс бұлшықеттеріне орнатылып, күш жұмсап жатқанда сигнал беруді жүзеге асырады. Құрылғы көмегімен жасанды қол жұмылады. «Әдетте дені сау адамдарға қарапайым нәрселерді жасау мүмкін болмаған кезде мүгедектерге өмір сүру, тіпті оңай емес екенін ойлайсың. Мысалы, қолы жоқ адамға заттарды ұстауға мүмкіндік болса, қандай жақсы! Мен жасанды қолмен заттарды алуға көмектесетін құрылғы жасауға тырыстым. Бұл менің алғашқы тәжірибем. Егер табысты болып жатса, осындай құрылғылар арқылы мүгедектерге көмек көрсетуді жалғастырғым келеді. Бұл құралдар өте қарапайым және арзан болуы керек. Өнертабыс мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға арналған. Мұны қандай да бір жағдайда қолынан айырылып қалған адамдар қолдана алады»,- дейді өнертапқыш. Протездің артықшылығы оған аз қаражат жұмсалады. Нарыққа шолу жасаған өнертапқыш елімізде 100 млн. теңгеге 50-70 адам протез салдыратынын айтады. Шамамен бір жасанды қол 2 млн теңгеге жуықтайды. «Бұл қарапайым халықтың қалтасына ауыртпалық салатыны рас. Менің таңдаған материалдарымнан бір қол 500 мыңға жуықтайды, жоба нәтижесін берсе 100 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік болады»,- дейді Назира. Оқушының жобасына бастапқы қаржы ретінде 2 млн. 800 мың теңге қажет. Аталған қаражатты табуға көмектесер жан табылса, жас өнертапқыш болашағын осы кәсіпті дамытумен байланыстырмақ
Объяснение:
сколька балов?
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сделайте все .токо айтылым выберите 2 картинку и напишите к ней 5 предложений .заранее
Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел осыдан қалған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай-4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Объяснение:
Оқасы жоқ;) Сабағыңды жақсы оқы