Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және ШығысАзия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:
15 ғ-дың ортасына қарай еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысыӘбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан,Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.
15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.
1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1)ғылым мен технология келе ң орынын басады келісу-келіспеу эссе өте керек болып тұр! өтініш боса беріңдерші
Мергенбай Батыр
. Ел ішінде оның ерлік істері жөнінде әңтіме көп. Мәселен, 1927 ж. Сырт жайлауында отырған ұзақ батыр ауылының азаматтары шетте жүргенін пайдаланып, Қытайдағы Монғолкүре ауданының қалмақтары 700-дей жынқыны айдап әкетеді. Мұны естісімен Мергенбай батыр қос атты ауыстыра мініп, барымташыларды жалғыз өзі қуған. Суыт жүріспен олардың алдын орап, Асутөр асуында күтіп алған Мергенбай түтқиылдан шабуыл жасайды. Бірнешеуі оққа ұшқан соң бас сауғалай қашқан жаудан жынқы үйірлерін тартып алған батырдың даңқы жайынады. Осы ерлігі үшін М. Алматы қаласына шақырынып, атаулы қарумен марапатталған. Көп ұзамай шекара күзетін қамтамасыз ететін комотрядтың бастығы болып тағайындалады. Бірақ, 1929-30 ж. асыра сілтеушілік саясат пен қазақ тұрғындарының басындағы қиын хал-ахуал Мергенбайдың Кеңес өкіметіне көзқарасын өзгертуіне себепші болады. Азын-аулақ малынан айырылып, ортақ меншікке зорлықпен телінген қазақ рулары шекараның арғы бетіне, Қытай аумағына қоныс аудара бастайды. Көші-қон легіне Мергенбай сияқты ел ішіндегі еті тірі, көзі қарақты азаматтар басшылық жасайды. Осыған өшіккен Кеңес өкіметінің жергілікті органдары Мергенбайды "банды" атандырып, соңына түседі. 1931 ж. қараша айында кош бастап, Ойқарағай-Қасаң арқылы Қытай жеріне өткен М. тобы жол торыған қалмақтармен қақтығысып қалады. Шайқас үстінде М. қаза табады. Баласы құдайбергеннің айтуынша, оның жаурынынан кірген оқ көйрегін талқандап өткен. Соган қарағанда М-ды өз тобындағы сатқындардың бірі атқан деген сөздің де жөні бар сияқты. Батырдың денесі Текес өзені бойындағы, құрманжан көпірінің оңтүстік-шығысындағы төбешікке жерленген. Көдек ақынның "Мергенбай батыр" атты толғауы бар.