ответ:
жануарларды ға ауыстырсан болады
сценарий :
көрініс. жол бойында абай бол! (музыка ойнап тұрады) жолбарыс, қонжық екеуіі жол шетінде футбол ойнап жүреді. оларға велосипед мінген тышқан мен қоян келеді. тышқан: -сәлем қонжық, жолбарыс. халдерің қалай? қонжық: -сәлем. халіміз жақсы. тышқан: -қонжық, жолбарыс сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер. бұл жерде ойнау қауіпті. қонжық: -ой , қойшы шиқ. біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой. жолбарыс: - бар, өз жөніңмен кете бер. біз өзіміз білеміз.қонжық теп допты.(осы кезде қонжықтың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. қоян оны аламын деп жүгіргенде, оны машина қағып кете жаздайды. машина тежегішін басып әрең тоқтайды. қорқып қалған қонжықты тышқан мен жолбарыс оны жол үстінен алып шығады.жүргізуші-аю машинасын жол жиегіне қойып, бірге келеді. зәресі ұшқан қонжық жылап жібереді). қоян: — жылама, қонжық, жылама. келесі жолы абай бол. тышқан: жол көліктің жүрегі, машина көп жүреді. «қауіп жоқ» − деп ойлама, жолда футбол ойнама! қонжық: -сендер бізге ақыл айтасыңдар. ал өздерің жолда велосипед теуіп жүрсіңдер. тышқан: -жоқ қонжық біз велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебеміз. әне рұқсат етілген белгісі тұр. жолбарыс: -ал жолдан қалай өтесіңдер? машиналармен жарысасыңдар ма? қоян: жарысып-ақ кетер ек, машиналар өте көп. жолдан өтем асықпай, велосипед жетелеп. (полиция машинасының сиренасы естіледі) осы кезде жол инспекторы келеді: -сәлеметсіздер ме? бұл жерде не болып жатыр? тышқан: -жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десек, қонжық пен жолбарыс тың. жол инспекторы: — жолбарыс, қонжық тышқан дұрыс айтады. жолда сақ болу керек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жұптық жұмыс.берілген сұрақтарды бір біріне қойып, тақырып бойынша өз пікірлердің дәлелдеңдер.
Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.Менің туып өскен жерім Қарағанды. Барлық керемет кездерім менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Бүгінгі таңда Қарағанды шаhары ең ірі қалалардың бірі болып саналады. Себебі, жерінің көлемі жағынан да, жер қойнауындағы қазынасы жағынан да алғашқы орындарды иемденеді.Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан. Сонымен қатар, бұл қала - елімізге еңбегі сіңген көптеген ірі тұлғаларымыздың, ақын-жазушыларымыз бен әншілеріміздің туған өлкесі.Менде өскенде осы аға-апкелеріміздей ұлы тұлға болатыныма сенемін.