Объяснение:
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сурактарга жауап берип, диалог курындар.
Туған табиғатқа саяхат.
Әр адамның туған жері өзіне ыстық.Менің туған жерім - Сыр өңірі.Туған жерімді ойласам,Фариза Оңғарсынова апамыздың:
О,туған жер,кең пейіл,құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен,-деген өлең жолдары есіме түседі.Алысқа сапарласам елімді сағынып,қайтқым келіп тұрады."Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас",-деп бекер айтылмаған.Туған табиғатқа саяхатты Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен бастайық.Онда Сыр өңірінің ежелгі,орта ғасырлық және жаңа өмірді қамтыған залдарын аралап тарих шежіресімен танысасыздар.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапхананы көріп тамашалайсыз,тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев атындағы паркке серуендеп тынығасыз.Сыр еліндегі Қорқыт Атаның мемориалды ескерткішіне барып көруге болады.Кешеннің аумағы ат шаптырым жерді алып жатыр.Қобыз пішіндес ескерткіштен,желдің соғуымен шыққан қобыздың сырлы үні құлағыңызға келіп,ғажайып күй кешесіз.Байқоңыр ғарыш айлағын аралау олда бір ерекше әлем.Жаза берсем туған жерімде тарихи,көрнекті жерлер көп.Жазда келіп,Сыр өңіріне саяхат жасасаңыз болады.Мен туған жерімді сүйемін.Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем,-десем артық болмас.Қазақы қаймағы бұзылмаған,жыр елі,сыр елі-ол менің туған елім.