Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік, идеялық және әдіс-тәсілдік салада өзгеріске түскенін атап өткеніміз жөн болар. Аға буын Кеңес одағының қыспағын көрген соң, өз елдігімізді аңсап, сол күнді өз көздерімен көрді. Ұлттық менталитетті кеңінен насихаттап, қоғамда болып жатқан өзгерістерді дөп басып айтты. Көпшілігінің туындыларында «еркіндік», «азаттық», «тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кием», «ақ түйенің қарыны жарылды», «ақ күн туды» деген секілді фразаларды кездестіруге болады. Ауызекі сөздерден ада болуды үгіттеп, суреттілік пен образдылыққа, көркемдікке бой алдырады. Түрлі құбылту мен фигураларды, троптарды қолданып, тәуелсіздікке үлкен екпін берді.
Бұндай көркемдіктерді өткен дәуірлерден келе жатқан жыраулар поэзиясынан, Ыбырай, Абайлардың тілінен, одан бері Жамбыл, Кенендерден, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Жүсіпбек сынды оққа ұшқан ағартушылардан сіңген дарындылық деп тану керек. Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы», Н.Айтұлының «Рухымның падишасы», «Бәйтерек», Н.Оразалиннің «Құрайлайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі», «Қара бауыр қасқалдақ», Т.Тұяқбаевтың «Жан дауысы», Б.Үсеновтің «Табиғат терезесі», С.Нұржановтың «Аруана», А.Бөкеновтің «Салбуырын», Г.Шамшиеваның «Қаракөз дәурен», Т.Әбдікәкімовтің «Ақшам хаттары», Г.Өмірзақованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Сейітовтің «Серпер», Ә.Қайранның «Мазасыз әлем», Х.Ерғалидің «Сонеттер», Ә.Сәрсенбайұлының «Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Шаңғытбаевтың «Махаббат пен ғадауат», М.Айтхожинаның «Жапырақ сілкінген кеш», Қ.Бұғыбаеваның «Қоштасқым келмейді», К.Салықовтың «Сәбит аға», «Түркістанға тағзым», Е.Шаймерденұлының «Жүректегі жазулар», М.Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы», «Жаңа қазақтар», «Компьютер басты жарты адам», Ұ.Есдәулетұлының «Киіз кітап», О.Асқардың «Орбұлақ», Д.Әбіловтің «Жолаушы өмір», А.Бақтыгерееваның «Ақ шағала», Н.Мәукенұлының «Бойтұмар», А.Шәріповтің «Құбыла», Қ.Исаның «Керімсал», Г.Салықбаеваның «Жан», А.Әлімғазыұлының «Жаралы Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің «Афина мектебі», А.Егеубайдың «Аламан», К.Ахметованың «Күн шыққанда күліп оян», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемі», «Қорқыттың көрі», Ж.Бөдешұлының «Жұлдызға орнын ай бермес», М.Ақдәулетұлының «Дәруішнама», А.Әлімнің «Ай нұры алақанымда», М.Райымбекұлының «Ай-Нұр», Қ. Сариннің «Арманымның бейнесі»жыр жинақтары, «Ер намысы – ел намысы» т.б. ақындардың шығармалары мен жинақтары жарық көрді.
/
Объяснение:
Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Эссе про бауыржана момышулы! прошу , не текст из тысячи слов .
елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр бауыржан момышұлы –тау тұлға. ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. батыр бауыржан момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. бауыржан момышұлы – іліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. батыр атамыз бауыржан момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары ілік қасиеттерімен елеулі. баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.