Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде (Қола дәуірі) Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдени-тарихи қауымының негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Реферат на казахском языке о любом животном
қасқыр (лат. canis lupus) — жыртқыш аң.басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері.еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді.
қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. солардың бірі-түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы.қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. олардың ға көрінуі де сирек. мұндай көкбөрілермен кезіккен да «тегін емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.ежелгі қытай мынадай бір аңыз бар: кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. ең аяғында жалғыз ер ғана қалады. «ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. елсізде қалған бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде өсіп, ер жетеді. осы қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. түркі халықтары осы он ұлдан тараған-мыс…тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. қайсарлығы — оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. ал аса сақ, аса қулығы әр түрлі әрекеттеріне байланысты айтылған. бірде бір сұр қасқыр ауыл-үйдің арасына кіріп кетеді. қиқулап қуа жөнелген топ алдында ғана келе жатқан қасқырдан демде көз жазады да қалады. ары іздейді, бері іздейді, жоқ. кейін артынан анықтап білсе, арлан қасқыр ауыл арасында тұрған электр желісінің бағанасын құшақтап, тікесінентік тұра қалған екен. сұр бағана мен сұр қасқыр ешкімнің назарына да ілікпепті. қасқырдың ақылдығына танданысқан топ, бастарын шайқаса тарқасыпты.қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. әлі де солай. бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «көксерек» фильмі. мұнда қасқырдың үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі көксеректің жарып кетуінен айқын көрініс табады. бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.қасқыр — дала тағысы. киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап таұрады.