office46
?>

Ангебаб дукени сочинение на казахском языке

Казахский язык

Ответы

Ioanova Korneeva1093

алматының абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. бұл қаланың орталығында орналасқан. мұнда ң ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады.дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. мәселен: бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады.орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек .егер сіз олардың қазақша: «маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. алыңыз»,-деп жауап береді. «маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. бағасы қанша? »-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «бәрін қосқанда 250 сом. аласыз ба? әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді. басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді. орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.

Витальевна
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. қоғамның өсуі, ң өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор. қазіргі таңда кітапханадағы кітап қоры -9311 дана, әдеби кітап - 3818 дана, оқулық -5493 дана, электронды оқулықтар – 18 дана кітап – өмірінде маңызды роль атқарады.ол елді, жерді сүюге талапты,  кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. кітапты біздің қоғамымыздың әрбір күнделікті тұрмысында пайдаланады.одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. кітап біздің рухани жан азығымыз. жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.мысалы: «мейірімділік шуақтары» библиотерапиялық кеш, «класс пен мектеп намысы дегеніміз не? » пікірталас, «кітапхана білімпаздар мекені» кеш, «әдебиетке қты әкелген» конференция, «ардақтайық ата тілін» кітап көрмесі , «туған елім-қазақстан» ауызша журнал , «ата мұрам - асыл қазынам» сайыс, «денсаулық - байлықтан да қымбат» ертеңгілік т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді. бүгінде ға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда. өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай , келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін. білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында ілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. осы заманғы ақпарат құралдары ған, жаңа технологиялар заманында да кітап ң ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, ілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. ел президентінің «қазақстан-2030» бағдарламасында «ххі ғасырда білімсіз мүмкін емес.халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады. бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. қазіргі ақпараттандыру технологиясы ған заманды мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. білім саласын ақпараттандыруға байланысты «қр конституциясының 44- бабына сәйкес және қр-сының ортақ білім беру жүйесін мақсатында », - деп көрсетіліп, 1997 жылғы 22 қыркүйекте қр президенті н.ә.назарбаевтың «қр президентінің қазақстан республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3645 бұйрығы бекітілді. 
agent-ulitka5

шеген был прекрасен, она была пропитана телом, а мышцы были пропитаны сталью. колено с меньшим ртом, немного больше, чем нос, хотя оно было коричневым, мне показалось привлекательным. стопа- не плоская и не запутанная, она высоко в ногах, ее тело освещено. шеген подтолкнул меня к тому, что у него есть зубы, свисток или игра. когда я его увидел, я хотел быть шегеном. шеген громко рассмеялся. это не похоже на жизнь, горечь или печаль. фамилия - должна быть свободна от беспокойства и самореализации.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ангебаб дукени сочинение на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

gk230650
makscska22879
ivanov568
annabanova9
VladimirBorisovich
in-1973
Назаров588
ranocchio6
yurick2071488
kovansckaya201313
Sergei1198
elena-novikova-1992
Popov Valentina1324
vodexshop2
Daletskaya Sergei1121