ГусенковФролова1121
?>

Қалай дүрыс тамақтану керек? оганизм сау және күшті болу үшін тағамның құрамы түрлі болу керек. ас ішер алдында қолынды жу. ал тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды, өйткені сенің организмің де алаңдайды. тағамды асықпай, әбден шайнап же. тамақтанған кезде тоюға бір-екі қасықтай қалғанын сезген кезде тоқтаған дұрыс. ергер осыдан кейін бес минуттай күнсең, тойғаныңды сезесің. артық тағаммен организмнің жүгін көбейтпеген дұрыс. нужен диалог с этого текста

Казахский язык

Ответы

raa-0485428

-сәлем, айна!

-сәлем,күляш! қалайсын ?

-жаман емес. өзін саусын ба?

-жоқ, таңертеннен бері ішім ауырып жүр. не істеуге де білмеймін!

-сен дұрыс тамақтанасың ба?

-дұрыс тамақтану? бұл қалай?

-мысалы,    ас ішер алдында қолынды жуасың ба?  

-ұмытып кетпесем жуамын.

-бұл дұрыс емес!   ас ішер алдында әрқашан қолынды жу.ал тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.

-неге?  

-өйткені сенің организмің де алаңдайды.

-солай ма! тағы қалай дұрыс тамақтану керек?

-  тағамды асықпай, әбден шайнап же. тамақтанған кезде тоюға бір-екі қасықтай қалғанын сезген кезде тоқтаған дұрыс. ергер осыдан кейін бес минуттай күнсең, тойғаныңды сезесің. артық тағаммен организмнің жүгін көбейтпеген дұрыс болады.

-рақмет, осы ережелерге ұстанып көрейін! ал, онда, сау бол, апамнан дәрі сұрап келейін. көріскенше!

-сау бол.жазылып кет!

orgot9

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық.  Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек.  Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.

«Дені саудың жаны сау» деген ата-бабаларымыз. Әрбір адам күніне шамамен сегіз сағат ұйықтауы керек. Сонда адам күні бойы көңілді, сергек болып жүреді. Спортпен шұғылдану,  жеке бас тазалығын да ұмытпаған жөн. Спортпен шұғылдансаң, денең ширақ болады, өз-өзіңді  сергек, жеңіл сезінесің. Ал бұндай көңіл-күйдің адам денсаулыңы үшін маңызы аз емес. Жеке бас тазалығына келер болсақ, таза жүрген адам көптеген жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупінен ада болады. Халқымыз «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаса керек.

Денсаулық екіге бөлінеді: біріншісі физикалық денсаулық, екіншісі психикалық денсаулық. Психикалық денсаулық дегеніміз – адамның көңіл-күйі. Айналадағы болып жатқан өзгерістер адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Адамдардың саған деген көзқарасы, көпшіліктің арасында өзіңді қалай сезінуің сенің жан саулығыңа әсер етеді. Экология да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауа ластанған болса,  өкпеге кесірін тигізеді. Радияциясы көп жерлерде балалар қандай да бір аурумен дүниеге келеді. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.

Қорытындылай келе,  деннің сау болуы да, болмауы да әркімнің өзіне байланысты. Себебі күнделікті қандай тағам тұтынатынымызды, немен шұғылданатынымызды, адамдармен қандай қарым-қатынаста болатынымыз өз еркімізде. Әр адамның денсаулығы өз қолында!

pashyanaram

Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың ішінде граматикалық талдауға біршама ұқсас, онымен жанаса жүргізілетін жұмыстардың бірі – фонетикалық талдау. Фонетикалық талдау граматикалық талдау емес, сондықтан оны фонетикалық талдау деп өз атымен атаған жөн.

1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:

а - жуан, ашық, езулік дауысты;

ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;

о – жуан, ашық, еріндік дауысты;

ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;

е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;

ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;

ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;

ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;

і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;

и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).

2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:

б – ұяң дауыссыз;

в - ұяң дауыссыз;

ғ - ұяң дауыссыз;

д - ұяң дауыссыз;

ж - ұяң дауыссыз;

з - ұяң дауыссыз;

й – үнді дауыссыз;

к – қатаң  дауыссыз;

л – үнді дауыссыз;

м - үнді дауыссыз;

н - үнді дауыссыз;

ң - үнді дауыссыз;

п - қатаң  дауыссыз;

р - үнді дауыссыз;

с - қатаң  дауыссыз;

т - қатаң  дауыссыз;

у - үнді дауыссыз;

ф - қатаң  дауыссыз;

х - қатаң  дауыссыз;

ц - қатаң  дауыссыз;

ш - қатаң  дауыссыз;

щ - қатаң  дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде  кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)

Мысалы, мына сөйлемдерге фонетикалық талдау жасап көрейік:

Ең алдымен сөйлемнен  дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:  

Оның  шығармасы үздік деп табылды.

Оның    о – ашық буын,     ның – бітеу буын

о – жуан, ашық, еріндік дауысты;

н – үнді дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

ң – үнді дауыссыз;

4  әріп,  4 дыбыс бар.

шығармасы  шы – ашық буын,   ғар – бітеу буын,  ма - ашық буын,  сы - ашық буын.

ш –  қатаң  дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

ғ – ұяң дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты;

р – үнді дауыссыз;

м – үнді дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты;

с – қатаң  дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

9 әріп,  9 дыбыс бар.

үздік, үз – тұйық буын,   дік – бітеу буын.

ү –  жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;

з –  ұяң дауыссыз;

д –  ұяң дауыссыз;

і –  жіңішке, қысаң, езулік дауысты;

к –  қатаң  дауыссыз;

5 әріп,  5 дыбыс бар.

деп,  деп – бітеу буын.

д –  ұяң дауыссыз;

е –  жіңішке, ашық, езулік дауысты;

п –  қатаң  дауыссыз;

3 әріп,  3 дыбыс бар.

табылды.  та – ашық буын,  был – бітеу буын,  ды – ашық буын

т – қатаң  дауыссыз;

а – жуан, ашық, езулік дауысты;

б – ұяң дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

л – үнді дауыссыз;

д – ұяң дауыссыз;

ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;

7 әріп,  7 дыбыс бар.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Қалай дүрыс тамақтану керек? оганизм сау және күшті болу үшін тағамның құрамы түрлі болу керек. ас ішер алдында қолынды жу. ал тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды, өйткені сенің организмің де алаңдайды. тағамды асықпай, әбден шайнап же. тамақтанған кезде тоюға бір-екі қасықтай қалғанын сезген кезде тоқтаған дұрыс. ергер осыдан кейін бес минуттай күнсең, тойғаныңды сезесің. артық тағаммен организмнің жүгін көбейтпеген дұрыс. нужен диалог с этого текста
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*