Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. қазақтың ұлттық ойындары бар . ол: аударыспақ ,көкпар , қыз қуу , мойын арқан , күрес ,теңге ілу,алтын қабақ.көкпар - көкпарда «дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
kapriz1999
09.05.2022
Күшейтпелі шырай біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады. мысалы: үлкен — үп-үлкен,— тым үлкен, тамаша — тап-тамаша — өте тамаша, жақсы —жап-жақсы, аса жақсы, кіші — кіп-кіші — тым кіші т. б. күшейтпелі шырай екі түрлі жолмен жасалады. 1. күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. мысалы: биік — біп-биік, ұзын — ұп-ұзын, жақын — жап-жақын, суық — сұп-суық т. б. күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітіп: биік — бі-йік — біп; жап-жақсы) негізгі сын есімдермен дефис аркылы жазылады. тек ақ, көк сөздерді күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірігіп жазылады. 2. күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңгай, кілең, сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. мысалы: өте күшті, тым биік, ең жақсы, аса терең, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан зор т. б. бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдында келеді де, бөлек жазылады.