Любовь
?>

Сор по каз яз 6 класс 3 четверть

Казахский язык

Ответы

manyugina1

ответ:Мені «арманымдағы мектеп қандай болар еді?» деген сұрақ жиі мазалайды. Білім алып жүрген алтын ұя мектебіме күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, арманымдағы мектепке айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен менің арманымдағы мектеп үш қабатты, өте кең, сыныптары жарық, соңғы техникамен жабдықталған болғанын қалар едім. Мектеп дәліздері де кең әрі ұзын болғанын қалаймын. Арманымдағы мектептің бірінші қабатында тренажерлармен жабдықталған үлкен спорт залы мен бассей және түрлі жиын өткізетін, әр түрлі музыкалық аспаптармен жабдықталған акт залы болады. Сонымен қатар, бірінші қабатта кітапхана болады. Кітапхана екі бөлімнен тұрып, бірінде орындықтардың орнына ыңғайлы креслолар мен түрлі жанрдағы кітаптар болса, екінші бөлімінде жылдам Интернет желісіне қосылған заманауи компьютер мен қажетті қазғаздарды шығарып, көшірме түсіріп алатын көпфункционалды құрылғылар, сөрелерде қажетті кеңсе тауарлары болады.

Екінші және үшінші қабатта оқу сыныптары болады. Әрбір сыныпта интербелсенді тақта, маркермен жазатын тақта, әрбір оқушының өзінің жеке үстелі болады.

Тегін асхана екінші қабатта орналасады. Онда күнделікті дәмді тағамдар әзірленіп, барлық оқушылар тегін тамақтанатын болады.

Тағы бір арманым – әрбір оқушының жеке заттарын сақтау үшін кішкене шкафы болады. Үй тапсырмасы мектепте жасалып, сабақ сағат үште аяқталатын болады. Сабақ біткен соң оқушылардың тұратын ықшам аудандарына сәйкес, бес автобус үйге жеткізіп салатын болады.

Тамара_Григорьевна897

Біз оқитын мектеп, үлкен және әдемі. Ол – менің екінші үйім, бұл жерде мен оқуды және санауды үйрендім. Ал, 40, 50 жылдан кейін мектептер қандай болады екен? Осы сұрақ ойыма келге кезде, қиялға батамын.

Менің арманымдағы мектепте, оқушының жеке шкафына электронды құлып орнатылған, ол саусақ іздерінің көмегімен ғана ашылуы керек. Сөмке ұстаудың қажеті жоқ, оқулықтардың орнына әр оқушының жеке дербес компьютері болады. Барлық сыныптар қажетті құрылғылармен жабдықталған, кең және жарық болуы керек. Физика және химия кабинеттері, тәжірибе жүргізуге арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Оқу процесі оңай және қызықты өтеді. Бұл үшін ең заманауи технологиялар қолданылады. Спорт залына келетін болсақ, бұл жерде – оқушылар мен мұғалімдер сәнді тренажерлерде жаттыға алады. Жаттығудан кейін бассейнге немесе душқа түсуге мүмкіндік бар. Ал қыста шаңғы мен коньки тебуге болады. Барлығы салауатты өмір салты үшін жасалған! Ұстаздардың барлығы жоғары жалақы алатын, өз кәсібін сүйетін және білімді мамандар. Ал оқушылар – терең ойланатын, үнемі ақпарат іздейтін және ғылыми жаңалықтарды ашуға ұмтылатын азаматтар болады деп ойлаймын.

Қорыта келе,бұл менің арманымдағы болашақтың мектебі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сор по каз яз 6 класс 3 четверть
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

bsi771184
Yurevna_Kharkchinov1302
northwest7745
departed744
obelov
Vladimirovich Aleksandr1889
Надежда-Алексеевна82
Лифанов_Ольга
palmhold578
vikola2008
sbalashov62
fursov-da
missmorozova2
Olegovna Volkov
OlgaVasilevna