Ана — отбасы ұғымында — әйел, туған шеше; туыстық байланыста — әже, апа, қарындас, жеңге, , құдағи, құдаша т.б. ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. хауа ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. хәууа — көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” — парсыша (кітаби) , , қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді. ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға болады. зерттеушілер қазақстан жеріндегі археологиялық қ табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір ң ұғым-нанымында ру басшысы және ошақ иесі ретінде анаға табынғандығын жазады. бұған қазақ даласынан табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә. қазақстанның солтүстік-батысындағы байтақ даланы, оралдың оңтүстігін мекендеген сарматтарды (б.з.б. vіі—vі ғ.ғ.) әйел-аналардың басқарғандығы жөнінде деректер бар. қазақ қоғамындағы ел аналары мен әйелдердің жайы осы өңірде болған саяхатшылардың да қаламдарына іліккен. мыс, дешті-қыпшақ даласында болған ибн-баттута, марко поло т.б. әйелдердің жергілікті тұрғындар тарапынан қатты құрметтелетінін таңдана жазған. ерлер билігі үстемдік еткен дәуірде де қазақ қоғамында аналар мерейі төмендетілмеген. қазақстан жеріндегі аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар, тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. мысалы, қозы көрпеш — баян сұлу күмбезі (аягөз өзені бойында), бикен-мұнара (сырдария бойында), белең-ана, жұбан-ана күмбездері (сарысу өзенінің бойында) сақталған. жеке ескерткіштерді былай қойғанның өзінде, орта ғасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс.
mariyachervonnaya44
16.12.2021
Жердин жузин шарлайсын онсыз еш жерге бармайсын коликпен де жаяу да саралайсын тандайсын